Мәселе

ІІМ бірінші шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

  • ІІМ бірінші шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

    ІІМ бірінші шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың бірінші шілдесінен тіркеу-емтихан бөлімін алып тастайды. Бұл бөлімнің қызметтері арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Енді 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерден теориялық, практикалық сынақтарды халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары қабылдайтын болады.


Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді.

Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды", - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, құжаттарды тексеру үшін өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды.


Ал арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқаратын болады.




Көрілген: 635    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31