Мәселе

ІІМ Масанчи ауылының бүгінгі көрінісі туралы видео таратты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ішкі істер министрлігі 7 ақпанда болған жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылының бүгінгі көрінісін әуеден көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Министрліктің Telegram парақшасында жарияланған видео материалға сәйкес, өрт салдарынан 25 жеке тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік зардап шекті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қақтығыстарды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

Полицицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері көшелерді шолғындауды жалғастыруда және құқықтық тәртіпті қадағалауда. Оқиға орнында тергеу және жедел топтар жұмыс істеуде.

 

Еске салайық, 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұзақылық сипаттағы жаппай төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеді.

 

Сондай-ақ вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылатынын, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстары ұйымдастырылатынын, қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын мәлім етті.

 

Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма берілді. Тәртіпсіздіктер кейін Қордай, Ауқатты, Сортобе елді мекендерінде де болған.

 

8 ақпан күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқиғаға қатысты елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді. Мәлім етілгендей, жанжалға басқа ауылдардан келген 300-ден астам адам қосылған. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданған. Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды.

 

9 ақпан сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша, медициналық көмекке 165 адам жүгінген.

 




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 17:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30