Мәселе

ІІМ митинг кезінде журналистің соққыға жығылғанын растады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ішкі істер министрілігі митинг кезінде журналисті соққыға жығу оқиғасын жан-жақты тексеріп шығуға мүдделі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз аталған факттің болғанын растап отыр.


”Бұл факт болды. Әрине, біз оны ақтай алмаймыз. Осы мәселе бойынша барлық тексеру амалдарын жүргіземіз. Кінәлілер міндетті түрде жауапқа тартылады”, - деді Ораз журналистерге берген сұхбатында.


Оның сөзіне қарағанда, митинг кезінде журналистің үстінде арнайы атрибутика болмаған.


”Біз алдында да ескерткен болатынбыз, кез келген журналистің өзінің журналист екенін анықтайтын атрибутикалары болса, бізге оңай болар еді. Өздеріңіз білесіздер, оның арнайы жилеті де болған жоқ. Осыған байланысты біз осындай шеру мен құқықбұзушылықтар кезінде журналистерге өте жақын бармай, алыстан ақпарат таратуды өтінеміз”, - деп атап көрсетті Ораз.


Еске сала кетсек, кеше, 10 маусым күні баспасөз мәслихаты кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев шеруге шыққандармен диалог орнатуға дайын екенін айтқан болатын.


"Иә, шынымен, Алматы мен елордада бір топ азамат наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазақстан Республикасының заңнамасы тұрғысынан қарасақ, бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, аталған әрекеттер заңсыз деп саралануы мүмкін. Елімізде бостандық бар ма дегенге тоқталсам, Қазақстанда бостандық бар", -деді Тоқаев.


Ол наразылық шерулері кезінде кейбір азаматтар полиция қызметкерлерін әдейі арандатқаннан кейін, олардың тарапынан қажетті шаралар қабылданған.


 




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 11:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30