Мәселе

ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

  • ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

    ІІМ: Вакцинадан қашқандар алаяқтарға жем бола бастады

Ішкі істер мамандары интернетте вакциналау паспорты мен ПТР-тест анықтамасын сататын 46 жарнаманы анықтап, бірнеше шетелдік ресурсты бұғаттауға жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, полицияның барлық бөлімшелерінде арнайы мониторингтік топтар құрылып, олар интернет желісінде, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде, жергілікті пабликтерде, жарнамалық сайттарда орналастырылатын жалған құжаттарды сату жөніндегі хабарландыруларды анықтап, пысықтап жатыр. «Полиция осындай 46 жарнаманы анықтады. Онда жалған вакцинация паспорттары, оң немесе теріс тест нәтижелері бар анықтамалар ақшаға ұсынылады. Аталған ресурстарда Ресей Федерациясында, Украинада, Үндістанда және АҚШ-та медициналық анықтамалар мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар бар», - дейді ІІМ өкілі. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, киберқылмыспен күрес орталығының мамандары алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схемалардың қалай іске асатынын анықтаған. Алаяқтар қармаққа ілінген азаматтарға вакцинаның бірінші компонентін алғаны туралы мемлекеттік органдардың ресми ресурстарына жатпайтын бөгде пошта жәшіктерінен хабарлама жібереді. Осыған алданған азаматтар 2 компоненттің анықтамасы үшін сұраған ақшаны аударып жібереді. Ақша түскен бойда жарнама иесі байланыс аясынан жоғалады. «Бірқатар жарияланымдарды талдау алаяқтардың шетелдік банктердің карталарын қолданғанын анықтады, ал «сатушылар» үнемі өзгеріп тұратын виртуалды телефон нөмірлерін жиі қолданады. Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзғандарын түсінеді. Анықталған шетелдік ресурстарды Қазақстан аумағында бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілді. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қылмыстық процеске қатысудан аулақ болуға және қаныдарды мұндай әрекеттерден сақтандыруға шақырады», - дейді веодмствоның баспасөз өкілі.

ҚазАқпарат.




Көрілген: 1162    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30