Мәселе

Мәдени нысандарды жекешелендіру кімге тиімді?

  • Мәдени нысандарды жекешелендіру кімге тиімді?

    Мәдени нысандарды жекешелендіру кімге тиімді?

Ағымдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласында орналасқан, мемлекет қарамағындағы бірқатар мекемелердің жекешелендірілетіні туралы сөз болды. Ондай мекемелердің қатарында Республика сарайы, Орталық цирк, «Қазақфильм» мен Неке сарайы да бар. Бүгін «Алаш айнасы» «ірі мәдениет ошақтарының жекенің қолына өтуі Алматыны «Мәдени астана» мәртебесінен айырып жүрмей ме?» деген сауал төңірегінде сөз қозғайды.
Саясаттанушылардың айтуынша, ірі мәдениет ошақтары жеке қолға өтіп, мемлекеттік бақылаудан шет қалған соң сүріліп кетуі де ықтимал. Өйткені жеке кәсіпкер үшің ең бастысы – нысанның әлеуметтік маңыздылығы емес, жеке кәсібінен түсетін пайда.
Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:
– Менің ойымша, бұл жағдайда, әлеуметтік маңызға ие мекемелерде мемлекеттің үлесі артық болу керектігі ескерілуі тиіс. Не болмаса бұл нысандар жергіліктің биліктің қарамағына берілгені дұрыс. Сонымен қатар, сол нысандарға қатысты кәсіпкердің міндеттері нақты жазылуы қажет. Олай болмаған жағдайда, ол нысандар сүріліп, орнына ойын-сауық отаулары, букмекерлік кеңселер, тұрғын үй салынуы да ғажап емес.

Базбір қоғам қайраткерлері бұл жекешелендірудің капиталға рақымшылық жасау туралы заңның қабылданғалы отыруымен тұспа-тұс келуі шенеуніктердің сол ақшасын жылжымайтын мүлікке салу мақсатында әдейі жасалып отырған шара болуы мүмкін екендігін айтады.
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Шетке шығарылған ақшаға рақымшылық жасалып, елге қайтаруға мүмкіндік тудыратын заң қабылдануымен қатар Алматыдағы әлеуметтік маңызы жоғары аса ірі мәдениет ошақтарын жекешелендіру таралы сөз қозғалуы, еріксіз «шет елдердегі ақшаларын әкелген шенеуніктер сол қаржыны жылжымайтын мүлікке салғалы отыр-ау» деген ойға жетелейді. Ондай ірі нысандардың кез келгенге бұйырмасы да анық. Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде олардың иелері алдын ала анықталып қойғаны жайлы жазылған мақаланы да көзім шалған еді. Менің ойымша, ондай нысандарды жекеге беру дұрыс емес. Әлеуметтік маңызға ие ондай нысандар мемлекеттің қарауында қалуы тиіс.

Мәдени-әлеуметтік маңызға ие нысандарды жекшелендіруге халық қалаулылары да қарсы. Олардың пайымдауынша, мұндай шешім халықты мәдениеттен мақұрым етеді.
Мұрат АХМАДИЕВ, Мәжіліс депутаты:
– «Қазақфильм», Республика сарайы, Мемлекеттік цирк, Неке сарайы сияқты мәдени-әлеуметтік маңызға ие нысандарды сатуға түбегейлі қарсымын. Егер бұған жол берсек, Алматыны мәдениеттен мақұрым етеміз. Бұған дейін Мемлекеттік циркті жекеменшікке бергенде не болғанын бәріміз көрдік. Келуші көрермен азайып, Цирк үш жылда 50 млн теңге шығынға батты. Бес жылда үш бағдарлама жасалған. Цирк әртістерінің штатын қысқартқан, мүлкі сатылып кеткен. Цирк ғимаратының ішінде кафе, кешкі клуб орналасқан, қаптаған дүкен. Ішке керген адам өзін циркте емес сауда ойын-сауық орталығында жүргендей сезінеді. Осы қателіктен қортынды шығарып, енді оны қайталамауымыз керек.

Өнердің жайын жақсы түсінетін халық қалаулысы Алматы мәдениетімен тығыз байланысты нысандар жекенің қолына өтсе, олар пайданы көздеп, мүлкін, жерін сатып жіберуі мүмкін деп алаңдайды.
Депутаттардың алаңдауы да негізсіз емес. Естеріңізде болса, «құрылыс бумы» басталған тұста «Қазақфильмнің» жеріне көз алартқандар болғаны көпшілікке мәлім. Өйткені «Қазақфильм» орналасқан жер телімі «алтын».
Қазір «Қазақфильм» көшеді екен, ол үшін Талғар жақтан 16 гектар жер бөлініпті» деген қауесет жүр. Ол жөнінде нақты деректері болмаса да, мұндай қауесеттің жүргенін «Қазақфильм» қызметкерлері де жоққа шығармайды.
Халық қалаулылары Үкіметтің бюджетке қол жаймай, өзін-өзі қаржыландырып келген Республика сарайын сатпақ болып отырған әрекетін де түсіне алмайтындарын айтады. Сондай-ақ, олар «Қазақфильмге» келетін жаңа қожайынның ұлттық киноға жанашырлықпен қарайтынына да күмәнмен қарайды.
Алдағы екі жылда еліміздегі бірқатар мемлекеттік нысандар жекеменшікке сатылмақ. Олардың қатарында Республика сарайы, Орталық цирк, «Қазақфильм», Неке сарайы, «Қазақ энциклопедиясы», «Жас отау», «Қайрат» футбол клубы және мемлекетке қарасты ондаған кәсіпорындар мен жергілікті әкімшілік ғимараттар бар.

Автор: Қалдар Көмекбаев




Көрілген: 1824    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.06.2014, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қаңтар, 23:37
    Ақшаның азабы
    28 Желтоқсан 2021
    Өмірді жалмаған селфи

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31