Мәселе

Махаббаттан басы айналған ару 6 млн теңге мен пәтерден айырылған

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны Жұлдыз Айтбекқызы махаббатқа мастанып жүріп, 21 млн теңге тұратын үйінен қалай айырылып қалғанын білмейді. Ол аздай, әке-шешесімен бірге тұратын ару "ғашығына" алты млн теңгеге жуық несие алып берген екен. Бұл туралы алаяққа оңбай алданған бойжеткен "Өз ойым" бағдарламасына айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Алматылық арудың айтуынша, ол жігітімен өткен жылдың мамыр айында танысқан.


"Жақсы көріп қалдық, сезім пайда болды. Сол махаббаттың арқасында мен оның алаяқ екенін білмей қалдым. Мен қалай ол мені алдағанын, көзім мен құлағымды істетпей қойғанын түсінбедім, соқыр болып, сол жігітке сеніп қалдым", - дейді Жұлдыз.


Бойжеткенмен көңіл жарастырған жігіт төрт жыл бұрын ғана Жезқазған қаласынан келгенін, сол себепті Алматыда достары жоқ екенін сылтауратып, қызды ешкіммен таныстырмапты. Алайда, өзі Жұлдыздың ата-анасымен жүздесіп, сол үйдің баласындай болып кеткен екен.


Ата-анасының ажырасқанын айтқан ол уақыт өте елордада тұратын әкесінің, кейіннен Жезқазғанда тұратын анасының қайтыс болғанын хабарлапты.


"Әкесі елордада тұратын болған соң "астанаға кетіп бара жатырмын" деді. Бір-екі күннен кейін әкем қайтыс болды деп хабар берді. Онымен ешкім ойнамайтын шығар деп ойладық", - дейді ару.


Осы уақытқа дейін де қыздан қарыз алып, қайтарып жүрген жігіт бұл жолы жұмыста мәселе туындағанын айтып, өзіне несие алып беруді сұрайды. Ал көзі байланған ару ойланбастан екі млн теңге несие алып береді. Араға біраз уақыт салып, анасының қайтыс болғаны туралы хабарды естіп, тағы да 1,5 млн теңге несиені қолына ұстатады.


"Әке-шешем жұбату шайға шақырды. Ең қызығы, әке-шешем көңіл айтқанда ол көз жасын ағызып, еңіреп жылады. Содан кейін ол үйге емін-еркін кіре беретін болды. Тойды да жоспарлап жүргенбіз", - дейді Жұлдыз.


Бұл аздай, жаңа пәтер алу туралы әңгіме айтқан Тимур есімді азамат құйтырқы әрекеттерімен бойжеткеннің имандай сенген ата-анасын да сан соқтырады. Ол зейнеткерлер мен ғашық арудың аңғалдығын пайдаланып, баспаналарын басқа біреуге сатып жібереді.


Артынша түрлі сылтаулармен елордаға жол тартқан жігіт басында қатерлі ісік бар екенін айтып, Жұлдызға тағы да екі млн несие алдырады.


Содан кейін ғана алданғанын сезген Жұлдыз бірден әрекет етуге көшеді. Ал Тимур есімді "сүйіктісі" бұл уақытта әлеуметтік желілерден жоғалып, телефон нөмірін сөндіріп тастайды.


"Арыз жазылды. Аудандық прокурорға, Алматы қаласының прокурорына бардық. Бәрі бас тартып, іздеуге бере алмаймыз деді. "Қылмыс құрамы жоқ, бәрін өз қолыңмен барып, бердің деді. Қорғаушы жалдадық", - дейді бойжеткен.


Енді Жұлдыз Айтбекқызы баспанасын қайтарып алумен әлек болып жүр. Ал оның сезімімен ойнаған Тимур осыған дейін де "Алаяқтық" фактісімен жауапқа тартылған екен.


Жұлдыз Айтбекқызы NUR.KZ порталына хабарласып, сұхбаты жарыққа шыққан соң құпия нөмірмен Тимур қоңырау шала бастағанын айтады.


"NUR.KZ тілшілері арқасында осы жылы мамыр айында Астана қаласында тұратын бойжеткен бір млн теңгеге алданғаны белгілі болды. Осы жылы, дәл сол жігітке", - дейді ол.


Бұл оқиға студия қонақтарын да, бағдарлама жүргізушілерін де таң қалдырды. 




Көрілген: 2345    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.06.2019, 23:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31