Мәселе

«Мәжіліс боқмұрындар отыратын жер емес» - Сәуле Әбілдаханқызы

  • «Мәжіліс боқмұрындар отыратын жер емес» - Сәуле Әбілдаханқызы

    «Мәжіліс боқмұрындар отыратын жер емес» - Сәуле Әбілдаханқызы

Мәжілістегі «жастардың» жасы 35-тен төмен болмау керек!!! 

Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ұсыныс жасаған 25 жастағы Мәди Ахметовтің «Нұр Отан» атынан депутат болып сайлануы біраз әңгімеге арқау болып жатыр. Қоғам белсенділерің біразы Мәди секілділерге Мәжіліс төрінен орын берудің арты ел ішінде жағымпаз жастар буынын қалыптастыруға әкеліп соғады деп қауіп білдірген. Сол секілді белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызыда оңы менен солын танып үлгермеген жастарды мұндай биік мінберге шығарудың топастық екенін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«ПАРЛАМЕНТ - ТОЙХАНА ЕМЕС!
25 жастағы "жағымпазданбай тамақ ішпейтін" балаға Мәжілісте боқ бар ма? Как будто сол бір келелі ой, ұсыныс, пікір, талап айтатындай.... 

Жалпы Мәжіліске баратындардың жасы 35-тен төмен болмау керек. Парламент - әріп танитындар мен кнопка баса алатындар отыратын балабақша емес! 
Парламент - тойхана емес, - бала-шағаңмен шұбырып барып, жағаласып "День победы" деп дарико-хороводпен билейтін!

Парламентте - білім, тәжірибе, мінез, ішкі-сыртқы саясатты, қолданыстағы заңды, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін жақсы білетін, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін терең білетін, мемлекеттің бүгіні мен болашағын зерделей алатын көкірегі ояу, мемлекетшіл, керек десең ұлтшыл Азаматтар отыратын төр!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол әлі оңы менен солын танып үлгермеген жастарды мұндай биік мінберге шығарудың топастық екенін айтқан.

«Боқмұрындарды ол төрге оздыру қай топастан шыққан идея? 30% жастар деген сөз - оң-солын ажыратып үлгермеген, қазақты қытайдан айыра алмайтын, жыламай тамақ ішпейтін 25-тегі ләббәйшіл жағымпаз бозбалалар барсын деген сөз емес. Парламентке депутат болу үшін мемлекетке, кемінде, 10-15 жыл еңбек сіңіру керек. Қоғамдық мәселелерге араласып, елге пайдалы ұсыныстар мен талаптар қойып, жұмыс істеген, еңбегі сіңген адамдар ғана лайық. Кезінде "жастар өкілі" деп, Тәңірберген деген актерді де отырғызған... Тупизм...

Мәжілістегі "жастардың" жасы 35-тен төмен болмау керек!!!

Жергілікті мәслихаттарда 25-35-тегі жастардан бірен-саран отырса, бір жөн. Өз аудан, қаласындағы жастар проблемасын көтерсе, шешсе, құба-құп. Ал Парламентке тәжірибелі кадрлар ғана бару керек! "Кадры решают все!" Сол сарыауыз балапандар Дәулеткерей Кәпұлы , Дәурен Қуат, Төлеутай Рахимбековтардың (мысал ретінде айтып отырмын) қолына су құюға жарамайды!!! Олардың тырнағымен салыстыруға келмейді тіпті!!!
Бұл билік қисын (логика) дегеннен жұрдай екенін тағы көрсетті», - деп атап өткен жазба авторы. 
 




Көрілген: 3958    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28