Мәжіліс депутаты Ресей соғысын қолдайтынын айтты

18 қаңтар 2023, 18:57

Ақ жол партиясы фракциясының Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Оrda.kz тілшісі "Азаттыққа" сілтеме жасап жазды.

– Мен Ресейдің президентін қолдаймын. Осы спецоперацияны қолдаймын. Осы жазға дейін Зеленскийді өзінің халқы ұстап, сотқа береді. Соғыстан кете алмайсын. Мен Украинадағы спецоперацияны қолдаймын. Нацисттер отыр.

Орыс жақтан соғысып отқандарды жақсы танимын. Украина жақтан соғысып жүрген балаларды танимын. Украина, ар жағында Ресей. 600 километр. Ракетамен Мәскеуге барады. Ол олардың қауіпсіздігі, – деді депутат.

 

 

Сонымен қатар, соғысты қолдайтын тағы 2-3 депутат бар екенін айтты.