Мәселе

Мәжіліс депутатының басы дауға қалды: Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үйдің төрағалығы үшін талас туды

  • Мәжіліс депутатының басы дауға қалды: Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үйдің төрағалығы үшін талас туды

    Мәжіліс депутатының басы дауға қалды: Нұр-Сұлтанда элиталы тұрғын үйдің төрағалығы үшін талас туды

Астаналық "Хайвилл" тұрғын үй кешенінің мүлік иелері бірлестігі төрағасының орнына талас орын алды. Екі бәсекелес тараптың түсініспеушілігі жанжалға ұласты. Бұл тұрғын үйде аты көпшілікке мәлім тұрғындар тұрады екен. Мұнда парламент мәжілісінің депутаты Альберт Рау тұрады. Көршілер оны билікті асыра пайдаланды деп айыптап отыр. Элиталы тұрғын үй кешенінің Пәтер иелерінің кооперативінен Мүлік иелерінің бірлестігіне көшу ұзақмерзімді дауға айналды, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметі.

Егер қарапайым үйлерде тұрғындар арасынан мұндай мәселені өз мойнына алғысы келетін адамды табу қиын болса, онда депутаттар мен Министрлер тұратын "Хайвиллде" төрағалық ету үшін күрес жүріп жатыр. Пәтер және коммерциялық үй-жайлар иелерінің айтуынша, бір жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан төраға бұл мәселені шеше алмай келеді.

 
“Тазалау жұмыстары, көгалдандыру жүргізілген жоқ. Бұрынғы қызмет көрсету компаниясы, жылына екі рет сөрелерді жуып беретін.  Олардың жұмыс істейтіні сезілетін. Бір қоңырау шалғаннан электрик, сантехник келетін”, – дейді кәсіпкер Зарема Сардалова. 

Тұрғындардың бір бөлігі  Мүлік иелерінің бірлестігі төрағасын сайлаған, ол бұрынғы қызмет беріп жүрген компанияға жүгінбек.  Алайда ол өз міндеттерін орындауға кірісе алмай жүр. Қызу талқылау жүріп жатқан кешен тұрғындарының чатында парламент мәжілісінің депутаты Альберт Рау өз ұстанысын білдірді. Ол бұл іске қатысты ІІМ мен Әділет министрлігіне жүгінетінін жазған. Көршілері оның өкілеттігін асыра пайдаланып жүргеніне шағымданып, тіпті елбасының, президент, мәжіліске, прокуратураға және басқа да инстанцияларға ұжымдық арыз жолдаған.

“Әділет департаменті Альберт Рау оларға жүгінбегенін хабарлады. Олар депутаттың кім екенін, қандай сұрақтармен, мәлімдемелермен келгенін білмейді. Сонда ол Әділет министрлігінің анықтамасын қайдан алған? Неліктен ол бұдан былай бұған жол бермеймін деп жазады?”, – дейді адвокат Гүлшат Дүйсенов.

Альберт Раудың өзі бұл өкілеттігін асыра пайдаланбағанын айтады. Тек өзі тұратын үй үшін алаңдаймын дейді.

Сондай-ақ, депутат меншік иелері одан бірлестік кеңесіне кіруді сұрағанын атап өтті. Айтуынша, ол бұл ұсынысқа келісуге мәжбүр болған.

“Жоқ, мен ойламаймын. Мен үйдегі мәселені заң бойынша реттеуге құқығым бар”, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31