Мәселе

Мәжіліс спикері наразылық білдірушілерді диалог жасауға шақырды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин митингіге шығу демократия мен өркендеуді таңдаған мемлекеттің жолы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.


Нығматулиннің айтуынша, ереуілге шыққан, заңсыз ұран сөздер айтып, арандатушылыққа жол берген мемлекеттер өз даму жолын артқа шегіндіреді.


"Ал біздің бағасы биік құндылықтарымыз көп. Тәуелсіздік алған санаулы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының және барша қазақстандықтың ерен еңбегінің арқасында табысты мемлекет құрдық. Қазақстан посткеңестік кеңістікте барлық салада, экономикада, әлеуметтік бағытта алдыңғы қатарлы мемлекет саналады. Бұл бүкіл әлемде мойындалған", - деді ол.


Мәжіліс спикері атап өткендей, біздің еліміз бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің үлгісі саналады. Барлық уақытта билік қоғаммен диалогқа ашық екенін көрсетіп келеді.


"Бүгінгі сөйлеген сөзінде сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы мәлімдеді. Билік пен халық арасындағы диалог тек қана заң қағидаттарына негізделеді",-деді Нығматулин.


Ол әрқашанда көрегендігімен, ақылдылығы мен ерекшеленетін Қазақстан халқы бүгінгі жағдайда да өзінің даналығын көрсететіне сенім білдірді.


 Sputnik




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.06.2019, 21:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31