Мәселе

Мәжіліс зейнеткерлердің өмірін жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

  • © CC0 / Sabine van Erp

    © CC0 / Sabine van Erp

Қазақстанда зейнетақы құжаттарын рәсімдеу тәртібі жеңілдейді. Бүгін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Заң жобасында "бір терезе" қағидатының орнына "бір өтініш" қағидаты немесе қызметтер көрсетудің композиттік тәсілі енгізіліп отыр. Композиттік тәсіл қазақстандықтарға бір өтініш арқылы бірнеше өзара байланысты қызметтерді алуға мүмкіндік береді.


"Мәселен, бұрын азамат зейнетақы төлемдерін алуға арналған екі түрлі өтінішті, яғни базалық және ортақ зейнетақы бойынша жеке-жеке, алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығына беруі тиіс болатын. Бұған қоса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тағы бір өтініш беруі қажет еді. Зейнеткер өз зейнетақысын алу үшін әртүрлі мекемелерге барып, әрқайсысы 3-7 және одан да көп құжаттан тұратын үш бөлек құжаттар топтамасын дайындауы тиіс болатын", - дейді Айсина.


Енді, депутаттың айтуынша, барлық үш қызмет тек ХҚКО арқылы бір өтініш бойынша көрсетіледі. Нәтижесінде құжаттар саны біршама қысқарып, азаматтар үшін өте ыңғайлы болмақ.


Заң жобасы арқылы құрамына 55 қызмет біріктірілетін 21 композиттік қызметті енгізу көзделіп отыр.


Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


 




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31