Мәселе

Мақтааралда су басқан екі ауылда бұзылған үйлердің өтемақысы кезең-кезеңімен төленеді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мақтаарал ауданында топан су басқан Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғасы шытынаған үйлер мен қора-қопсы материалдарын реттеу жұмысы басталды. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетасын қалауға кіріспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Аудан әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іспен арнайы топ айналысуда.


«Алдағы екі-үш күнде қанша үйдің бұзылып, қаншасы қайта салынатыны белгілі болады. Сол кезде бұл туралы мәліметті жалпыға жария етеміз. Әзірге тұрғындар уақытты тиімді пайданып, су шайған ауласын күл-қоқыстан тазартып, құлаған үйлер мен қора-қопсысын ретке келтіріп жатыр», - дейді Бақыт Асанов.

 

Айта кетейік, Өргебас пен Фирдауси елдімекендерінің тұрғындары ешқайда көшірілмейтін болды. Себебі, ауыл тұрғындары тұрғылықты жерінен көшкісі келмейтінін айтқан болатын.

 

Сондай-ақ, жергілікті халық жаңадан салынатын баспана құрылысын өздері жүргізетін болып келісілген. Яғни, бұзылған үйлердің өтемақысы тұрғындарға үкіметтік резервтен кезең-кезеңімен аударылады.

Таяуда ғана үкіметтік комиссия мен тұрғындардың кездесуінен кейін осындай шешім қабылданған еді.

 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 15:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30