Мәселе

Мамандар елімізде балалар семіздігінің көбейгенін айтып, дабыл қақты

  • https://hotgeo.ru/

    https://hotgeo.ru/

Қазақстанда балалардың семіздікке ұшырауы мамандарды алаңдатып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, еліміздегі бес жасқа дейінгі әрбір оныншы баланың артық салмағы бар және семіздікке бейім келеді. Сарапшылар бұл жайтқа атүсті қарамауға шақырып, дабыл қағуда деп хабарлайды Kazakhstan Today. 

 

Балалар семіздігіне қатысты ресми мәліметті БҰҰ балалар қорының сарапшылары жариялады.

 

Жүргізілген зерттеулер бойынша, 2016 жылы елдегі артық салмағы бар балалардың саны күрт өскен. Яғни, Қазақстанда тоғыз жастағы әрбір бесінші бала семіздіктен зардап шегуде.

 

Жасы кіші балалардың семіздікке ерте шалдығуына себеп өте көп.

 

Оның ішінде, балалардың жемістер мен көкөністерді көп жемеуі, тәтті калориялы сусындарды тұтынуы, құрамында қанты бар салқын сусындарды жиі пайдалануы бар.

 

Зерттеу көрсеткендей, елдегі балалардың жартысына жуығы тәтті калориялы сусындарді ішсе, мектеп жасындағы балалар қант қосылған тәтті шырындарға құмар келеді. Олардың 49,7 пайызы апта сайын тәтті сусын ішетіндердің қатарында.

 

Сондай-ақ, телеарналарда бала ағзасына зиян саналатын тамақ өнімдері мен сусындардың жиі жарнамалануы да мәселені ушықтырып отыр.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда жарнамаланатын тағамдар мен сусынардың 20 пайызы ғана халықаралық стандарттарға сай екенін анықтаған.

 

Мамандар баланың дұрыс тамақтануына ең алдымен ата-ананың жауапты екенін ескертеді.

 

Бала дүниеге келген алғашқы күннен бастап ата-аналардың құлағына баланы дұрыс тамақтанудың маңызды екенін сіңіре беру қажет.

 

Осы орайда, еліміздегі әйелдер күші альянсы Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен бірлесе отырып, балалардың тамақтануын жақсарту жолындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырмақ.

 

Жоба аясында қазақ және орыс тілдерінде жадынама мен арнайы кітаптар шығарылып, бірқатар іс-шаралар атқарылмақ.

 

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 1935    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28