Мәселе

Мамин коронавирустың жаңа толқынына дайын болу керектігін айтты

  • Мамин коронавирустың жаңа толқынына дайын болу керектігін айтты

    Мамин коронавирустың жаңа толқынына дайын болу керектігін айтты

Ауруханалардың жүктемесі 36%-ға төмендеді.Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін бірқатар өңірдің әкімдеріне коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі А. Цой коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының тәуліктік өсуі 1,2%-дан аспайтынын, бұл көрсеткіш күн сайын төмендеуде екенін баяндады. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырғандардың 68% құрайды, қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36%-ға төмендеді.

Аптаның қорытындысы бойынша инфекцияның репродуктивтік деңгейінің 1-ден төмен болуы Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында тіркелген. Сонымен қатар Қостанай мен Ақмола облыстарында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден жоғары болуы тіркелген.

«Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, карантин талаптарын азаматтардың сақтау қажеттігі туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр қазіргі таңда әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отырғанын, осыған байланысты күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болу керектігін, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажеттігін атап айтты. 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 19:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30