Қазақстанның елеулі аумағындағы ылғалдану жағдайларының статистикалық болжамына сәйкес мамыр айында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтіледі:
- Ақтөбе облысы Әйтеке би және Хромтау аудандарында;
- Қостанай облысы Жангелді ауданында;
- Қызылорда облысы Қазалы ауданында;
- Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында.
Ылғалданудың, орташа ылғалды жағдайлары, негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстігінде қалыптасады.