Мәселе

Маңғыстау мен Қызылордада аштан қырылған малға өтемақы төленбейтін болды

  • Маңғыстау мен Қызылордада аштан қырылған малға өтемақы төленбейтін болды

    Маңғыстау мен Қызылордада аштан қырылған малға өтемақы төленбейтін болды

Маңғыстау, Қызылорда облыстарында аштан қырылып жатқан мал иелеріне өтемақы төленбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Тек азығын алып, қалған мал басын сақтап қалуға үкіметтен көмек беріледі. Әзірге шығынның нақты сомасы есептелмеген. Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайдың бұлайша ушығып кетуіне тағы да әкімдерді кінәлады.

 
Бір ғана Маңғыстау облысында құрғақшылықтың кесірінен 1300-ден астам мал басы арам қатқан. Оның ішінде 540 бас жылқы, 46 бас ірі қара және 492 ұсақ мал. Ауыл шаруашылығы министрлігі қалған төрт түлікті аман алып қалуына Үкіметтен 3 миллиард 500 миллион теңге қордан бөлуді сұрап отыр. Қазір "Каспий" корпорациясынан мал азығын арзандатуға 200 миллион теңге бөлінген. Ал маусымның 20-на қарай Маңғыстау  облысына 600 тоннадан астам арпа жеткізіледі. Жалпы 1700 тоннадан астам арпа осы өңірге бөлінбек. Ал жағдайдың бұлайша шиеленісуін министрлік жергілікті биліктегілердің шикілігі деп отыр.

“Негізі жергілікті әкімдік жағдайдың ушығып бара жатқаны жайында алдын ала хабарлауы керек еді. Малдың қырылып жатқанын ауыл шаруашылығы министрлігі өзі анықтады. Бұл қалыптасқан жағдай күзде ет бағасының қымбаттауына еш әсер етпейді. Себебі, қырылған мал басының саны өңірдегі  жалпы көлемінің 0,1 пайызын ғана құрайды. Ет қымбаттамайды деген сенімдеміз”, – дейді ҚР АШМ мал шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрат Мұтаев.

Stan.kz




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 21:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31