Маңғыстау облысынан солтүстікке 107 отбасы көшті

03 тамыз 2021, 09:59

2017 жылдан бері Маңғыстаудан 107 отбасы ерікті түрде қоныс аударды. Дәлірек айтсақ, 367 адам Павлодар, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны атанды. Олардың 98 проценті тұрақты жұмысқа орналасқан.

 

Өздеріңізге мәлім, былтырдан бастап осы аймақтарға көшіп барушылар бірден баспанамен қамтамасыз етіледі.

 

«Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аударуға ниетті жанұяның әр мүшесіне 200 мың теңгеден беріледі.

 

Ауылда тұрған жағдайда 15-21, ал қалаға барса 20-30 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы алады.

 

Бұл қаржы үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 12 ай бойы беріледі. 

 

Әсет Шопанов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

 

- Күні кеше 19 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін 1 апта бойы Павлодар облысының өкілдері келді. Нәтижесінде 24 отбасы көшуге ниет білдіріп, қазіргі таңда құжаттарын рәсімдеп жатырмыз.

 

 

 

24.kz