Мәселе

Маңғыстау облысында карантин қайтадан күшейтілді

  • Фото: kolesa.kz

    Фото: kolesa.kz

Маңғыстау облысында карантин қайтадан күшейтілді. Жұмысын бастағалы бір ай ғана болған спорттық нысандар, мешіттер мен шіркеулер және басқа да жұрт көп шоғырланатын орындарға қайтадан шектеулер қойылмақ.

 

Ертеңнен бастап аталған нысандар жұмысын тоқтатады.  

 

Қоғамдық көліктер де сенбі-жексенбіде автотұраққа қаңтарылады. Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы екі сағатқа кері шегеріледі. Олар кешкі сағат 9-да жабылуы және келушілердің саны 30 адамнан аспауы шарт.

 

Ал базарлар мен ірі сауда орталықтары күндізгі сағат 4-ке дейін ғана жұмыс істейді.

 

Облыста соңғы бір тәуліктің өзінде 5 тұрғын коронавирус жұқтырған.

 

Әзірге аймақтағы шектеу шарасы екі аптаға жоспарланып отыр. Егер жұқпалы ауру өршісе, карантин бұдан әрі күшейтіледі.    

 

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері:

 

- Қазан айының басынан облыс көлемінде ковид-19 ауруының тіркелуі басталды. Бірінші 10 күндіктегі қыркүйектегі көрсеткіштен екі есе көбейген, бүгінде халықтың ортасында қарым-қатынасты тоқтатуға осындай шешім қабылданды. 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1109    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 21:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30