Маңғыстау облысында қасқыр адамдарға шабуылдап жатыр

04 желтоқсан 2018, 10:54

Маңғыстау облысында қасқыр адамдарға шабуылдап жатыр. Түпқараған ауданы Аташ ауылының үш бірдей тұрғынына тап берген бөрілердің тырнағы адамдардың беттерін жыртып кеткен.

Адамдарға тап берген қасқырды зардап шеккендердің бірі атып тастаған. Қазір жыртқыш өлексесінің биологиялық сынамалары Маңғыстау облыстық ветеринарлық зертханасына жіберілді. Ал Аташ ауылының тұрғындары «қызыл қасқыр» деп атаған жабайы жануар талаған азаматтарға құтыруға қарсы екпе егіліп, үйлеріне қайтарылған. Ал орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары тұрғындарға тап берген қызыл қасқыр емес, шиебөрі дейді. Сондай-ақ, қызыл қасқырдың Қазақстан аумағында мүлдем кездеспейтінін және соңғы 50 жылда бұл жабайы аң туралы ақпарат болмағанын айтады.

ШАМҒАЛИ ХАМИЕВ, Маңғыстау облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі:

– Адамдар барлығы укол алған. Қызыл қасқыр деп айтылады. Ол әлі нақтыланып жатыр. Шакал дейді ғой, сондай болуы да мүмкін.

31.kz