Мәселе

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

  • Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

    Маңғыстау облысындағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

Маңғыстау облысындағы малдардың жаппай қырылуына байланысты қуаңшылық мәселесін шешуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Өңірде жедел штаб құрылып, жем-шөп дайындау жұмыстары қолға алынды. Қазір малға азық жеткізу басты мәселеге айналған. Осыған орай, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен келіссөздер жүргізілген. 15 маусымнан бастап жем-шөп жеткізіледі.

"54 миллион теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы бөлінетін болып жатыр. Дәл қазіргі уақытта соны сатып алу рәсімделуде. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешілетін болады", – деді ҚР АШМ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

 
Айта кетсек, өңірде қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536 жылқы қырылыпты. Қазір жалпы шығын есептелуде. Нәтижесі 2 апта ішінде белгілі болады. Соған сәйкес тиісті ұсыныстар енгізіледі. 

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда жылқылардың жаппай қырылғаны жайлы айтылған еді. 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 14:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31