Мәселе

Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары тақтайға жатуға мәжбүр

  • Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары тақтайға жатуға мәжбүр

    Маңғыстауда онкология бөлімінің науқастары тақтайға жатуға мәжбүр

Маңғыстау облысында емделушілер тақтай кесінділерінің үстіне жатып, ем қабылдауға мәжбүр болып отыр. науқастар облыстық аурухананың жанындағы паллиативтік, онкологиялық және химиотерапиялық бөлімнің жағдайына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш бөлімге келіп, емделушілердің бірінің сөзіне сенсек, ондағы керуеттер матраспен жабдықталмаған көрінеді.

"Кереуеттердің барлығы емес, бірақ, көбінің жағдайы нашар. Олардың қатты екеніне көндігіп, үйреніп кеттім. Бірақ, біреуіне отырамын деп құлап қалғанмын. Сол кезде екі тақтай екі жаққа кетті. Менімен бірге жатқан көрші төсектегі әйелдің керуеті де сондай. Шындықты айту керек, палаталар таза, жөндеу жұмыстары жасалған, қызметкерлері жақсы, керуеттері сұмдық енді", - дейді емделуші.

Айтпақшы, аурухана қызметкерлері бұл олқылықты мойындап отыр.

"Рас, ондай керуерттер тұратын палата бар. Дегенмен, ол палатаның көп қолданбаймыз. Онда да емделушілер көп болған жағдайда ғана. Палаталарда матрасы бар стандарт кереуеттер қойылған. Қазір жаңа төсек алғанымыз қолаймыз болмақ. Себебі жақында басқа ғимаратқа көшеміз. Ол жерде жеткілікті төсек бөлінген, - деп хабарлады Маңғыстау онкодиспансерінің химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Салтанат Маштакова.




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

жұма, 07.02.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30