Мәселе

Маңғыстаудағы көл онкологиялық ауруға шалдықтыратыны рас па? Аймақтың бас онкологы жауап берді

  • Маңғыстаудағы көл онкологиялық ауруға шалдықтыратыны рас па? Аймақтың бас онкологы жауап берді

    Маңғыстаудағы көл онкологиялық ауруға шалдықтыратыны рас па? Аймақтың бас онкологы жауап берді

Маңғыстау облысындағы уран карьеріне жақын орналасқан, тұрғындар демалатын көлдің денсаулыққа зиян екенін, шомылуға жарамсыз екенін жергілікті экологтар растады. Бұған дейін тур-блогерлер әлеуметтік желілерде облыста онкологиялық аурудың көп екенін айтып дабыл қаққан еді. Stan.kz тілшісі Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінің директоры Нұрлан Нұриддинұлынан мән-жайды анықтап көрді.
Дәрігердің сөзінше, көлдің адамдарға нақты қандай зияны болатынын айту қиын. Егер көлден радиоактивті заттар табылса, адам денсаулығына кесірі алапат екені түсінікті.

"Шындығында нақты ақпаратқа қанық болмағандықтан, ол қандай көл туралы әңгіме және ол көлдің зияны туралы айта алмаймын. Ол, Мунайлы ауданының аталмыш көл маңынан (Батыр елді мекенінен) бізге онкологиялық аурумен шағымданып келетін науқастар аз. Ал көл орналасқан ауылдан адамдар ауруханаға келіп шағымдарын айтатын болса, біз осы уақытқа дейін онкологиялық аурудың өсімін байқайтын едік", - дейді бас онколог-дәрігер Нұрлан Нұриддинов.

Көл дауынан кейін жергілікті тур-блогерлер Маңғыстау облысында онкологиялық аурудың дендеп тұрғанын айтқан еді. Осыған байланысты дәрігердің өзінен соңғы жылдардағы облыстағы онкологиялық аурудың өсу деңгейі қандай деп сұрадық.

"Маңғыстау тұрғындарының саны бұрынғыға қарағанда өскенін ескерсек, онкологиялық ауруға шалдыққандар саны да өскені рас. Осыдан 5 жыл бұрын халық санына байланысты онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар саны аз болғаны түсінікті. Онкологиялық аурудың өсімін екіжақты қарастыруға болады. Біріншісі – аурудың негізгі өсімі, екіншісі заманауи технологиялардың, зерттеулердің және арнайы онкологиялық программалардың іске асырылуы арқасында ерте анықтау, Яғни, онкологиялық жұмыстың дұрыс жолға қойылуы. Қарасаңыз, айырма жоқ сияқты, бірақ ауырып келген адам мен алдын-ала анықтаған адамның арасы жер мен көктей", - деген бас онколог ауруды бірінші сатысында анықтау көп қиындықтың, жамандықтың алдын алатынын айтады.

"Бір қуаныатыным, қазіргі кезде мемлекеттік онкологиялық бағдарламалардың арқасында ауруды дер кезінде анықтап жатырмыз. Ауруды ерте анықтаудың арқасында республика бойынша науқастардың 50%- дан жоғарысы 5 жылдан жоғары өмір сүру мүмкіндігіне ие болып жатыр. - деді Нұрлан Нұриддинов.
Дәрігердің сөзіне сенсек, былтыр Маңғыстауда 850-ге жуық адамнан онкологиялық ауру анықталса, 350-ге жуық өлім тіркелген, жүз мың халыққа есептегенде бұл 52,0 проммиллиді көрсетеді. Ал бұл - республика бойынша обырдан келетін өлімнің ең төменгі көрсеткіші.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, маңғыстаулық тур-блогер Берік Дәуенов қала тұрғындары барып жүрген көлдің кесапатын айтып дабыл қаққан еді. "Коронавирустың зияны бұл көлдің қасында айналайын болып қалады" деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Дайындаған: Жанна МӘЛІК 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30