Мәселе

Марғұлан Сейсембай Зеленскиймен кездескеннен кейін Украинада қалатынын мәлімдеді

  • Фото: facebook.com/seimargulan

    Фото: facebook.com/seimargulan

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен бірге жұмыс істейтінін айтты. Айтуынша, өзіне Украинаның президенті тарапынан жақсы ұсыныс түскен. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабардар етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

«Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бәрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы «кешеден» бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады. Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын», - деп жазған ол бұл жолы.

 

Айтуынша, өзіне Владимир Зеленскийден жақсы ұсыныс түскен. Әрі оған көңілі толатынын білдірген.

 

«Жұмыс көп, қызық әрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс. Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды.

Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап отыратын боламын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек», - деп жазған кәсіпкер өзінің бұл қадамын тым саясиландырудың қажеті жоғын айтқан.


«Жазылмандарым мен достарымнан жұмысымды саясиландырмауды сұраймын, былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жәрдемдесем. Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық әрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім - процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін - кәсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді», - деп атап өткен Марғұлан Сейсембай.

 

ФОТО:  www.facebook.com/photo.php




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 15:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31