Мәселе

Марқұм журналист Қуандық Шамақайұлының жары: Бұл нағыз қастандық

  • Марқұм журналист Қуандық Шамақайұлының жары: Бұл нағыз қастандық

    Марқұм журналист Қуандық Шамақайұлының жары: Бұл нағыз қастандық

Бүгін таңертең қайтыс болған белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының жары оның күйеуіне қастандық жасалғанын алға тартуда. Алты күн бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен марқұмның жағдайы соңғы уақытта күрт нашарлап, ақыры жүрегі шыдамады дейді дәрігерлер. Алайда, туыстары бұл айтқандарына сенбей отыр. Себебі, қоғам белсендісінің әлеуметтік желіде қалдырған соңғы жазбасы күдік ұялатуда. Бұған қоса, қайтыс болар алдында таңғы сағат 4 жарымда жары марқұм жолдасымен ауруханда кездескенін жеткізді. Соңғы жүздесуінде журналист Қуандық Шамахайұлы не айтты? Бұл туралы Atameken Business News арнасы хабарлайды.
Қуандық Шамақайұлы қайтыс болмас бұрын желіде қалдырған жазбасы жұртты дүр сілкіндірді. Сөзінше, оған түнгі 2-лер шамасында дәрігер келіп әлдебір ақ дәрі іш деп беріп кеткен. Мұны оқыған марқұм журналистің жары мен ұлы түн жарымда ауруханы шулатып, науқастың жағдайын білмекші болып ем орталығына барып қайтқан. Ақыры оның аман екеніне көздерін жеткізген отбасы мүшелері үйлеріне оралған. Ал ертесі олардың үйіне суық хабар жетіпті.

"Бұл қастандық. Өйткені түнде маған хабарлама жолдапты. Онда күйеуім "Мені түнгі 2-де оятып, бір қағаздарға қол қойғызып, аузыма дәрі салып кетті. Бұл не дәрі деп едім, вирусқа қарсы дәрі деп жауап берді. Жанымда жатқан басқа науқастарға берген жоқ" деп жазып жіберіпті. Сөйткенде ауруханаға барсақ, рахаттанып ұйықтап жатыр екен. Оятып алып, жүр алып кетейік деп едім, "жоқ ешнәрсе етпейді, кете беріңдер" деп қалып қалды", - дейді марқұмның әйелі Айша Тұрмағамбетова.

Дәрігер туыстарына алувиа дәрісін бердік деп айтқан, алайда марқұмның жақындарының айтуларынша, бұл препарат ақ емес, қызыл түсті болады екен. Басқарма өкілдері науқастың жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтады деп сендіруде.

Қуандық Шамақайұлы осыдан алты күн бұрын COVID-19 жұқтырды деген күдікпен, елордадағы көпбейінді аурухана түскен. Бірақ соңғы кездері ол жағдайы жақсарып, тәбеті қайта оралғанын айтып жүріпті.

"Қиналып жатқандарға,көмек жетпей жатқандарға бармай, тыныш ұйқтап жатқан, көмек сұрамаған адамға шырт ұйқысынан оятып, дәрі беруде өлтіруден өзге қандай мақсат болу керек. Бұл анық қастандық", - деп жазды желідегі парақшасында Қуандық Шамақайұлының жары.

Қоғам белсенділері министрліктен істің мән-жайын анықтауды талап етіп отыр.  




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 23:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31