Мәселе

"Мәселенің бәрі содан басталып отыр". Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев күннің күрт суытуына байланысты әкімдіктерге қауіпсіздік техникасының сақталуына мән беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Алдағы күндері бірқатар өңірде күн қатты суытады деп болжанып отыр. Сондықтан әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударамын. Жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жер үйлерде де пеш жағу күшейе түседі. Сол себепті қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше мән беріңіздер", - деді премьер-министр.


Сағынтаев ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылу беру маусымы аяқталғанға дейін, өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастауды тапсырды.


"Жылу мен энергия беретін барлық ұйым, әкімдіктер мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жергілікті деңгейде жарықпен және жылумен қамтамасыз етсін. Барлық қызмет іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселе әкімдіктердің ерекше бақылауында болуы тиіс",- деді үкімет басшысы.


Сондай-ақ, Сағынтаев әкімдер мен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың назарын әлеуметтік желілерде айтылып жатқан әңгімеге аударды.


"Тексерушілер жер үйлердің өрт қауіпсіздігіне қаншалықты дайын екенін тексеруге келген кезде, "ештеңені тексермей-ақ қояйын, ақша берсеңіз кете берейін" деп айтады екен. Міне, мәселенің бәрі содан басталып отыр. Осыған көңіл аударыңыздар. Қатаң талап болуы керек. Сонда ғана кеше болған қайғылы жағдайға жол бермейміз", - деді премьер-министр.


Қайғылы оқиға Астанада Көктал-1 тұрғын үй алабындағы жер үйлердің бірінде 4 ақпанға қараған түні болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минуттан соң жетті, бірақ үй толығымен өртеніп кетті. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған балалардың денесі табылды. Көз жұмған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған.


Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы екеуі де жұмыста болған – әйел пластикалық карта шығаратын зауытқа түнгі ауысымға барады, ал отағасын техникалық қызмет көрсету станциясына (СТО) жұмысқа шақырып алған.


 




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.02.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30