Мәскеуде терезеден құлаған қазақ қызына қатысты жаңа деректер шықты

17 сәуір 2018, 20:07

Бұған дейін Ресейде қазақ қызын дағыстандық жігіттің терезеден итеріп жібергені жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда куәгерлердің сөзі мен тергеушілердің мәліметі бір-біріне қарама-қайшы келіп отыр. Полиция қыздың өзіне қол салмақ болғанын мәлімдеді деп жазады life.ru.

Қыз бала дағыстандық жігітке ғашық болыпты-мыс. Алайда сүйгенінен сезініне жауап ала алмаған соң өз-өзіне қол салған.

Қазірге таңда «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, Томиристің соңғы рет жанында болған 22 жастағы Муртузали Дағыстан Үкіметінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Меджидовтың ұлы болып шықты. Куәгерлер дәл осы жігіт қазақ қызын терезеден итеріп жібергенін айтып отыр.