Масондар Қазақстанда немен айналысады?

Масондар Қазақстанда немен айналысады?

Бірнеше қазақстандық әлеуметтік желіде масондар ұйымының жарнамасы шыққанын айтты. Ол қандай ұйым, немен айналысады? Қазақстанда олардың жұмысына рұқсат етілген бе? Масондар ұйымына Әлихан Бөкейханның қандай қатысы бар? Сұрақтарға Қазақстандағы масон ложасының өкілі Сергей Кравченко жауап берді.

 

Оның айтуынша, Қазақстанда барлығы төрт ложа бар. Олардың бірі Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталған. Ондағы жиналыстар Алматыда қазақша өтеді. Қалған екеуі Алматыда (орыс тілінде «Шығыс жарығы» және ағылшын тілді United nomadic Brothers) және біреуі Нұр-Сұлтанда (орысша «Бәйтерек»).

 

Фото Grand Lodge of Kazakhstan Facebook парақшасынан алынды

 

Масондар қатарына кімдер қабылданады?

 

Аталған ложаларға барлығы 40 адам мүше. Сергей Кравченконың айтуынша, олардың көбі ғалым, кәсіпкер, жалпы интелегент адамдар. Сонымен бірге масондар қатарында жалданып жұмыс істейтін азаматтар да бар екен. Қандай жұмыс істесе де, бастысы, табысы жоғары болуы керек.

 

«Қатаң іріктеу жасалады. Кандидат жасы 21-ге толған, дінге сенетін, жоғары білімі бар және қаржысы жеткілікті, қаржыға қатысты мәселесі жоқ ер адам болуы керек. Кейін осы талаптарға сай адамның ішкі рухани әлеміне үңілеміз. Жан дүниесі қаншалықты таза, шынайы екенін, қоғам үшін қаншалықты қауіпсіз екенін анықтаймыз. Сосын масондардың үш өкілі сұхбаттасады. Егер қабылданса, ұйымға мүше болу үшін 250 мың теңге жарна төлеуі тиіс», – дейді Сергей Кравченко.

 

Оның айтуынша, ұйымға саясаткерлер, ұлтшылдар, дінге сенбейтіндер қабылданбайды.

 

Қазақстандағы масондар немен айналысады?

 

Сергей Кравченко масондардың Қазақстанда ресми тіркелген қоғамдық ұйым екенін айтты.

 

«Көбі бізді жындармен байланысы бар мистика ұйымы деп ойлайды. Сондай аңызды жою үшін біз әлеуметтік желіде, журналистермен сөйлескенде ашық болуға тырысамыз. Біз жиналған кезде түрлі рухани, философиялық тақырыпты талқылаймыз. Кейде бір мәселені шешуге тырысып, қайырымдылық та жасаймыз. Мысалы, құлағы нашар еститін азаматтарға есту аппараттары қажет болса, сатып алып береміз. Жалпы, қаржылай, физикалық тұрғыда көмектесіп, қоғамның рухани-мәдени баюына қолұшымызды тигізіп тұрамыз. Мысалы, қазір опера театрына «Ғажайып отбасы» қойылымын қоюға көмектесуді ойластырып жатырмыз, Оған не керек, сценарий ме, киім бе, қажет нәрсесін тауып береміз.  Осылай мәдени құндылықтарды дамытпақшымыз. Тағы бір мысалы, біздің бауырымыз, Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейхан туралы деректерді Ресейдегі архивтен табуға көмектестік. Алаштанушылар ол туралы кітап жазады. Осылай білім саласына да үлесімізді қосамыз», – дейді «Қазақстандағы ұлы ложаның» өкілі.

 

Фото Grand Lodge of Kazakhstan Facebook парақшасынан алынды

 

Әлихан Бөкейхан масон ұйымына мүше болған ба?

 

Алаш қозғалысы жетекшісінің масон ұйымына мүше болғаны жөнінде алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы растады.

 

«1906 жылы Әлихан Бөкейхан Семей қазақтарының атынан І Мемлекеттік Думаға депутат болды. … Тағы бір тарихи мәліметте Әлекең масон ұйымына 1908 жылы кірді делінген. … Ресейдегі масондық ұйым самодержавиені құлатуды мақсат етті. Ал Әлекеңнің алдында қазақтың ұлттық мемлекетінің шаңырағын қайта көтеру мақсаты тұрды. Әлихан отаршыл Ресей империясының өзін түбегейлі реформаламай, Ресейдің құрамында жүріп-ақ автономия алып, жерінің шекарасын заңды түрде белгілеп алмай, қазақ өз алдына дербес мемлекет болуға жете алмайтынын анық сезді. Масондар болса, самодержавиені құлатпай, Ресейді демократиялық елге айналдыру мүмкін болмайтынын түсінген. Осы жерде масондық ұйым мен Ә.Бөкей­ханның көзқарасы бір жерден шықты. Әлекең масондар қозғалысына осы мақсаты үшін кірді», – деп жауап берген Сұлтан Хан Аққұлы qamshy.kz порталына берген сұхбатта.

 

Масондардың қандай құпиясы бар?

 

Ал Сергей Кравченконың айтуынша, масондар ұйымында екі маңызды құпия бар. Олар: ұйымның қандай жұмыс істеп жатқаны және мүшелерінің кім екені. Сол үшін ұйымның кімдерге және қандай қайырымдылық, демеушілік жасап жатқаны жасырын болады екен.

 

«Бізді көбі жындармен байланысты ритуал жасайды деп ойлайды екен. Шындығында ондай емес, анау айтқандай емес. Ритуал жайлы бір құпияны ашайын: біздің әдетіміз бұрын рыцарларды әскер қатарына қабылдағанда жасайтын ритуалға ұқсас. Жындарға еш байланысы жоқ», – деді ол.

 

Біз әлеуметтік желіде тарап жүрген суреттегі «Айдың, көздің және Күннің» қандай белгі білдіретінін сұрадық.

 

Сергей Кравченко

 

«Ай – бастамасы, Көз – жаратқаннан өтіп, біз жарыққа барамыз. Бұл Құдайды тану арқылы қараңғыдан жарыққа өтетін жол дегенді білдіреді. Бірақ әркімнің өз конфессиясына байланысты», – деп жауап берді Сергей Кравченко.

 

Сергей Кравченконың айтуынша, ұйымның желідегі парақшасына, поштасына, телефонына күніне 5-6 адам хабарласады.

 

«Олар да ұйымның мүшесі болғысы келетінін айтады. Бірақ бір-екі сөйлескеннен кейін көбін қабылдамаймыз. Себебі, адамдар түрлі фильмдерді көріп, мақалаларды оқып алып, масондар туралы қате түсінікте болады. Олардың ойынша, біздің ұйымға мүше болып, бірден әлемді билеп кетуге болады. Бірақ, бұл – қате түсінік», – дейді ол.

 

 

 

aikyn.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста