Мәселе

"Массаж жасады": Мешіт имамының арбауына түскен келіншек жанайқайын жеткізді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысының тұрғыны Гүлнар Жетесбаева өткен жылы отбасының басынан өткен сұмдық жағдайды баяндап берді. Карантин уақытында табыссыз қалған жанұя жергілікті мешіт имамына көмек сұрап барып, кейіннен бұл әрекеттері үшін қатты өкінген. Бастапқыда жағдайы төмен отбасыға көмек қолын созған имам артынан отағасын істі еткен. Келіншектің айтуынша, өзіне жеңге деп сөйлеген діни қызметкер тіпті оған көңілін ашық білдіретін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Гүлнар Жетесбаева мешіт имамының арбауына түсіп, "Кел, татуласайық" бағдарламасына әділдік іздеп барған. Ол басынан өткен жағдайды ақтарып, діни қызметкердің пасық әрекеттерін жайып салды.

 

"Өткен жылы карантин басталғанда жолдасыма жалақы түспей қалып, бізде ақша да, азық-түлік те болмады. Отағасының жұмысы тоқтап қалғандықтан, үйде бала-шағамның қарны аш болды. Сол кезде, Қаскелеңдегі "Ақ мешіттің" имамына барып көмек сұрап қайттым.

Кірсем, имам екі аяғын айқастырып көкке көтеріп жатыр екен. Өзі планшет шұқылап отырды. Менің өтінішімді тыңдап, кешке азық-түлік апарып беретінін айтты.

Бірнеше күн бойы ізінен барып жүрдім. Ақыр-cоңы үйге азық-түлік әкеп берді. Бұл кісі обалы не, маған азық-түлікпен көмектесті.

Мен жолдасымның жұмыстан шығып қалғанын айттым. Сол кезде ол оны "мешіт ішін ақтап, сваркасын жасап берсін" деді.

Алайда, қиналған сәтімізде барып көмек сұраған адамымыз тыныш өміріміздің астан-кестенін шығарды. Бәріне үй алып беремін деп ақша жинап алып, артынан бәрін менің күйеуіме аударды. Жолдасымды кінәлі етіп отыр. Өзі сүттен ақ, судан таза болып отыр", - деп жанайқайын жеткізді ол.

 

Ерлі-зайыптылар мешіт имамынан көмек сұрағаны және оған сеніп қалғаны үшін қатты өкінеді. Олардың сөзінше, діни қызметкер екеуін алдап, ел алдында масқаралаған.

 

"Ол құран ұстаған адам болған соң сендік қой. Бізге жалдамалы пәтерде қаңғып жүргенше, үйлі болуға шақырды. Бір күні үйімізге ас ішуге келгенде имам "170 мың теңге тауып берсеңдер, мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін" деді. Жолдасым жан-жақтан ақша сұрап, менің құжаттарымды тапсырды. Бірақ, артынан ол өзі имам болғандықтан бұл істі мойнына ала алмайтынын айтып, менің жолдасымды оң қолы жасады. Кейіннен күйеуім осының бәріне кінәлі секілді болып қалды. Біз оған сендік, ол бізді алдап кетті", - дейді Жетесбаева.

 

Оған қоса, келіншектің сөзінше, мешіт имамы оған жеңгесі ретінде қарап жүріп, кейіннен ашық түрде тиісетін болған.

 

"Мен саған үйіңді алып беремін, жағдайыңды жасаймын, тоныңды алып беремін. Күйеуіңді қайтесің, таста оны" деп айтты маған. Бұны жолдасыма айтуға қорықтым. Оның мінезі жаман. Имам менімен қалжыңдасып жүр деп ойладым. Бірақ, бір күні артымнан келіп массаж жасағаны бар емес пе?! Оны жолдасым да жасамайды маған. Күйеуіме онымен араласуды қояйық деп қанша айтсам да, ол оған қатты сенді. Соңында ол бізді алдап кетті", - деді келіншек.

 

 

 

 




Көрілген: 1322    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 18:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30