Майорды ұстап әкетпек болған антикор қызметкерлеріне полицейлер айыппұл салды

03 мамыр 2022, 19:23

Бейнежазбаны күдікті деп танылған жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-ротасы командирінің адвокаты Талғат Есімов Telegram-дағы арнасында жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Шымкентте пара алды деген күдікпен тергеліп жатқан полиция майорын көшеден ұстап әкетпек болған антикор қызметкерлерінің видеосы тарап кетті.

 

Видеодан полиция майорының антикор қызметкерлерінің көлігінде отырғанын көруге болады. Бұл жайтты оның туыстары видеоға түсірген.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері өз әрекеттерін күдіктіні тергеуші шақырып жатқанымен байланыстырады. Алайда полицейдің туыстары олардың расымен де антикор қызметкерлері екеніне күмән келтіріп, адвокаттың келуін күтуді сұрайды.

 

Күдіктіні көлікке отырғызып әкетпек болғандар қызметтік құжатын көрсетеді. Ал пара алды деген күдікке ілінген полицей тергеу кезінде кепілмен босатылғанын алға тартып, жүрегі қысылып тұрғанын айтады.

 

Осы сәтте оның көршілері мен достары полицейлерді көмекке шақырған. Тәртіп сақшылары жемқорлықпен күресушілер мінген көліктің терезелері күңгірттелгені үшін оларға айыппұл салыпты. Бұл сәттің де видеосын күдіктінің адвокат Талғат Есімов өзінің Telegram-дағы арнасында жариялады.

 

 

Антикор қызметкерлері мен полицейлердің бұл видеолары әлеуметтік желілерде лезде тарап кетті. Көп ұзамай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

 

Ведомства мәліметінше, Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің 4-ротасының командирі, полиция майоры қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағы қызметкерлерден 174 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған. Күдікті өз қызметкерлерінен 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың сәуіріне дейін ай сайын пара алудың қосымша фактілері де анықталыпты. Сонымен қатар агенттіктегілер күдікті мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушіні әкімшілікке жауапкершілікке тартпау үшін де рота инспекторларымен алдын ала сөз байласып, 130 мың теңге пара алған дерегі тіркелгенін атап өтті. Бұдан өзге полиция майоры қызметкерлерін демалысқа жібергені үшін ле ақша алды деген күдікке ілініпті.

 

 

"Күдіктінің заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қол астындағы қызметкерлерінен 2 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алғаны анықталды. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", — деді ведомствадағылар.