Мәселе

Мектептің терезесі жоқ: Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты далада оқуға мәжбүр

  • Мектептің терезесі жоқ: Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты далада оқуға мәжбүр

    Мектептің терезесі жоқ: Атырау облысында бастауыш сынып оқушылары сабақты далада оқуға мәжбүр

Атырау облысы Жылыой ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушылары сабақты далада оқуға мәжбүр. Өйткені білім ордасын ерекше үлгіде жобалаймыз деген сәулетшілер ғимаратқа терезе салмаған. Соның салдарынан оқушыларға ауа жетпей, тыныстары тарылып жатыр. Тіпті кей балалар тура сабақ үстінде естерінен танып құлаған. Осыдан кейін ата-аналардың кейбірі балаларын басқа мектепке ауыстырған. Ал, өзге білім ошағынан орын жетпей амалсыздан қалған оқушылар қазір не терезесі, не желдеткіші жоқ мектепте білім алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Құлсары қаласындағы Халықов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанаргүл Шарғабаева кей пәндерді далада өткізуге мәжбүр. Өйткені мектеп іші қапырық, ауа жоқ. Сыныптардың терезесі төбесінде орналасқан. Оның өзі тым биікте, қолданысқа берілгелі бір рет те ашылмаған. Ал желдеткіштер мүлде  іске қосылмапты. Талай жылдан бері осылай қиналып келеміз деген мұғалім, ауа жоқ жерде оқушыларға маска киіп отыру мүмкін емес екенін айтады. Ал күннің ыстығында сыныптардағы ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі екен. Амалы таусылған ата-аналар балалары үшін екі желдеткіш әкеліп, амалдап отыр. 

 
“Біздер қыркүйек - қазанда, сосын наурыз айынан бастап қиналамыз. Жазда бұл жерде жұмыс жасау мүмкін емес. Қазірдің өзінде бұл жерде температура 30-ды көрсетіп тұр. Өзіміздің балаларымыз да, халықтың баласы да қиналып отыр”, – деді мұғалім Жанаргүл Шарғабаева. 

Таза ауа кірмейтін, қапырық кабинетте оқушылар төрт сағаттан астам сабақ оқиды. Бала түгілі өзіміздің жанымыз қиналады дейді мұғалімдер. О баста білім ошағында мыңнан астам бала оқыса, қазір 600-ге әзер жетеді. Балаларына басқа мектептен орын жетпегендіктен ауыстыра алмай отырған ата-аналар да жанайқайларын жеткізді. 

“Балаларымыз маскамен сабақ оқиды, ең болмағанда мұрындарын ашып отырсын деп жалынамыз. Олар маскамен тұншығады. Өздері айтып келеді. Балалардарың киімдері шылқып келеді”, – дейді ата-ана Сәуле Амангелдиева. 

“Сабақты бір күн далада, бір күн қайтып іште оқиды. Бүгін келіп тұрған себебім – балам ауырып жатыр. Қалшылдап, үйге келгенде майкасын шешкенде сығып аламыз”, – дейді ата-ана Гүлназ Бақытжанова. 

Білім ордасын ерекше үлгіде жобалаған сәулетшілер "артық қыламын деп, тыртық қылған". Өйткені терезе шатырда болғандықтан  жаңбыр, қар жауса сыныптар суға толады. Ал мамандар 18 жыл бойы іске қосылмаған мектептің желдеткіштеріне қаржы енді бөлінгенін айтады. 

“Мектепті түгел жауып тастауға мүмкіндік жоқ ауданда. Қаржы қаралғаны осы уақыт болды”, – дейді Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Таңатарова.

Ауданның бас санитары мектептің микроклиматын соңғы рет 2017 жылы өлшегендерін айтады. Ал эпидахуалға байланысты санитарлық талап бойынша тек құрылғылары ғана тексеріліпті. Мектептің желдеткішін қалпына келтіруге 800 миллионнан астам қаржы бөлінген. Тендер енді жарияланады екен.  Ал терезе салу жобасы әлі дайындалмаған. 




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 08:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31