Мәселе

Мектептің төбесі опырылып құлап, оқушының үстіне түсті (видео)

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Нұр-Cұлтандағы №71 мектеп-лицейінде сабақ барысында кабинеттің төбесі опырылып құлап түсті. Салдарынан бір оқушы зардап шеккен. Ол аяғынан жарақат алған.


Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы хабарлады.


«Бүгін бірінші ауысым сабағында үшінші қабаттағы сылақ қопарылып түсіп, онымен бірге жарық шамы жерге құлаған. Жан-жаққа шашыраған сылақ оқушыға тиген. 2 қалалық аурухана мамандары оқушыны тексергеннен кейін аяғынан жарақат алған деген диагноз қойылды. Қыз баланы үйіне босатқан, өзге зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.



Қазіргі уақытта білім басқармасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп кабинетке алдын ала сараптама жүргізіп жатыр. Оқиғаның себебі қарап тексерудің нәтижесінен соң белгілі болады.


«Барлық қалған сыныптарға техникалық байқау белгіленді. Сондай-ақ мұндай жағдай болмас үшін басқа білім беру орындарында да тексеру жүргізіледі», - деп сендірді басшылық. 


Вaq.kz




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 17:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 09:07
    2020 жыл. Нумеролог не дейді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31