Мәселе

Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

Даулы аудиожазба бойынша Махамбет Абисатовқа қатысты тексеріс жүргізілді.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет Абисатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.


Абисатовтың орнына Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы болған Арыстанғани Заппаров тағайындалды.


Вице-министрге қатысты дау


Бұған дейін Желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланған болатын. Оның сипаттамасында жазба Ақтөбе облысы полиция департаментіндегі жиналыста жасалғаны айтылады. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы вице-министр Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген.


Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан.


Ішкі істер министрлігінде аудиожазба бойынша орынбасарға қатысты тексеріс басталды.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фоноскопиялық және филологиялық сараптама жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.


kaz.caravan.kz




 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

жұма, 19.07.2019, 16:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31