Мәселе

Мемлекет заңсыз сотталған елордалыққа 1 млн төлейді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған елорда тұрғынына республикалық бюджет есебінен 1 млн теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы қалалық соттан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2017 жылы құқыққорғау органдары азамат Б.-ға қатысты бес ай бойы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді. Және ол тергеу шараларына күдікті, айыпты ретінде қатысқан. Кейін сотталушы ретіне сотқа берілді. Салдарынан оның өзіне және отбасының мүшелеріне моральдық зиян келтірілді. Аудандық соттың үкімімен азамат Б. іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық заң бұзушылықтарды жасауда кінәсіз деп танылды. Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылудан келтірілген зиян өтелуі тиістігі шешілді», - делінген қалалық соттың ақпаратында.


Мәлім етілгендей, ҚР Азаматтық кодексінің 923-бабы 1-тармақшасына сәйкес мемлекет елорда тұрғынына келтірілген зиянды толық көлемде өтеп беруге міндетті.


«Есіл аудандық сотының шешімімен республикалық бюджет есебінен азамат Б.-ның пайдасына 1 млн теңге көлеміндегі моральдық өтемақы төленеді. Шешімді орындау ҚР Қаржы министрлігіне жүктелді. Шешім заңды күшіне енді», - деді ведомстводан.


 




Көрілген: 897    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31