Мәселе

Мемлекеттен баспананы тегін алу құқығына кімдер ие?

  • Мемлекеттен баспананы тегін алу құқығына кімдер ие?

    Мемлекеттен баспананы тегін алу құқығына кімдер ие?

 ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға болатын азаматтардың 10 тобы қарастырылған, деп хабарлайды Elorda Aqparat.


Баспананы меншігіне тегін алуға болатын тұрғындар тізіміне:


Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары енген. Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, баспананы тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;

1 және 2-топтағы мүгедектер;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандарда апат салдарын жоюға қатысқандар;

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;

КСРО-ны қорғау кезінде, әскери міндеттерін орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты сырқаттанғандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жараланып, контузия алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;

Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;

күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек еткен әскери қызметшiлер (қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат немесе ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, баспананы өтеусіз алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады;

саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар адамдар;

қызметін атқару кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері енген.

Мемлекеттің тұрғын үй қорындағы баспананы тегін алатын азаматтар ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабында көрсетілген.




Көрілген: 1353    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 20:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31