Мәселе

Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

  • https://zachem.com.ua/

    https://zachem.com.ua/

Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп көз жұмған ер адамның әкесі Елбасы мен президенттен көмек сұрады.

Марқұм Ерлан Қоныспаевтың әкесі Сапарқали Қонысбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы екен.

Айтуынша, ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс отбасының соңғы 30 жыл бойы айналысқан жұмысымен байланысты. Пандемия кезінде Алматының экономикалық тергеу департаменті жалған қылмыстық іс қозғаған.

"Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысты қорлап, бізге үлкен моралдық қысым көрсетті", - деп мәлімдеді Сапарқали Қоныспаев.  

Ол 22 қыркүйек күні марқұм ұлын экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырды деп санайды. 

"Тергеуші іс жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында суыт хабар алдым: ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ұйым басшылығының бұдан хабары болғанын сезіп отырмын", - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бір ведомстводан екіншісіне тапсырылып, баптар өзгертіліп жатыр.

"Ерланның бірнеше дипломы болған, Францияда білім алды. Бес тіл білетін. Артында үш баласы қалды. Ол мемлекеттік мекемеде өлтірілді. Маған, Қазақстан азаматы ретінде, осының бәріне сену қиын", - деді марқұмның әкесі.

Ол соңғы уақытта өзінің және отбасының, қызметкерлерінің өміріне де алаңдап жүргенін айтты.

"Мен тергеудің әділ өткенін қалаймын. Мен үшін бұл оқиғадағы ең маңыздысы &ndash ол шындық", - деді ол.

Ерлан Қоныспаевтың өлімі
28 қыркүйекте Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамның экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болғаны хабарланды.

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 22 қыркүйекте болған. 44 жастағы Ерлан Қоныспаев экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатынан секіріп көз жұмды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, марқұм 2016 жылы білім министрлігінің ғылым комитетінен 230 миллион теңге мақсатты грант алған. Оның 88 миллион теңгесін еншілес компаниялардың шотына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда келісімшартта көзделген жұмыстар орындалмаған.

22 қыркүйекте марқұмнан күдікті ретінде жауап алынады. Қасында адвокаты да болған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағында ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Тергеуші Қоныспаевтың бұған дейін сотты болғанын және жаңа ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, оны ұстау және уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Алайда тиісті хаттамалар толтырылғаннан кейін, ер адам терезеден секіріп кеткен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған қоса, қаржылық мониторинг комитеті ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

sputniknews.kz




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31