Мәселе

"Мен коронавируспен қалай ауырдым?"

  • "Мен коронавируспен қалай ауырдым?"

Ұлыбританиядағы Маржан есімді қазақстандық коронавирустан қалай емделгені туралы Instagram желісінде жазба жариялады. Ол үй карантинінде қажетті ем шараларын алып, қалай күтінгенін ашып айтты.

– Барлығы 2 апта бұрын басталды. Кенеттен басым ауырып, өзімді әлсіз сезіндім. Бір аптаның ішінде осы аурудың белгілі болды. Бірде пайда болып, бірде жоқ болды. Дүйсенбіден бастап Борис Джонсон елдегі аса (дәрігерлер, көлік жүргізушілері) қажетті мамандық иелерінен басқа барлық адамдарға үйде қашықтықтан жұмыс жасауға бұйырды. Сол себепті сейсенбіден бастап үйден жұмыс істедім, бірнеше рет онлайн кездесу өткіздім, алайда түстен кейін демалыс алдым. Себебі өзімді нашар сезіндім. Ал түнде дене қызуым көтерілді. Келесі күні жалғаса берді, бірақ бұлшық еттерім ауырып, қалтырау сынды белгілер пайда болды. Суық тию белгілері, жөтел болған жоқ, – деді Маржан есімді желі қолданушысы. Оның айтуынша, бейсенбі күні температурасы түсіп, өзін әлсіз сезінген. Тек шомылу мен намазға тұрып жүрген. Сондай-ақ ол ауырған уақытта ешқандай иісті сезбегенін атап өтті. ⠀

– Кейіннен дәрігер бұның коронавирус екенін анықтады. Ешқандай ем жоғын және демалып, иммунитетім ауруды жеңгенше күтінуімді айтты. Құдайға шүкір, менде темекі шегіп, ішіп, тыныс алу аурулары болмады. Күйеуім күнделікті бал қосылған имбирь сусынын дайындап береді. Иммунитетімді көтеру үшін жасалып жатқан барлық дүниелер әсер етіп, жақсы нәтиже беріп жатыр. Кейіннен ұлым да ауырып қалды, алайда балалар бұл вируспен жақсы күреседі екен, – деді Маржан. Ол желідегі оқырмандарына коронавирустың белгілері табылған жағдайда ешқандай дүрбелеңге салмай, үй жағдайында қалай күтіну қажеттігін атап айтты. ⠀

– Ауырған адамдардың 80%-ы үй жағдайында жазылады, оларда менікі сияқты аурудың белгілері немесе одан жеңіл түрлері болуы мүмкін. Ең бастысы – дүрбелеңге салмау. Жаратушы адамның өмірінің соңын ауруға алып келсе, одан ешқандай жолмен қашып құтыла алмайсың, керісінше оған шахид дәрежесі беріледі. Ал егер аурудың таралмауы үшін үйде отырған адамдарға сауап шахидпен бірдей беріледі, – деп ол оқырмандарын сабырға шақырды.

Маржан өзінің бастан кешкен оқиғасын баяндай отырып, дәрігерлердің гигиенаға байланысты кеңестерін үздіксіз орындауға және иммунитетті күшейтіуге кеңес берді.
– Себебі, иммунитет – вируспен күреседі. Жаңа дайындалған көкөніс пен жеміс сусындарын, қара зире майын ішіңіздер, сонымен қатар дәрумендерге бай табиғи тағамдарды жеңіздер. Егер де деніңіз сау болса, спортпен шұғылданыңыздар. Аурудың белгілері табылса, қорғанып, өзіңізді оқшаулаңыз, – деп сөзін түйіндеді.

qamshy.kz

 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.03.2020, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30