Мәселе

Метеорологтар алдағы 5 жылда адамзатты ең ыстық жыл күтіп тұрғанын айтты

  • Метеорологтар алдағы 5 жылда адамзатты ең ыстық жыл күтіп тұрғанын айтты

    Метеорологтар алдағы 5 жылда адамзатты ең ыстық жыл күтіп тұрғанын айтты

Ең ыстық жылда ауа температурасы 2016 жылдың көрсеткіштерінен асып түседі, деп болжап отыр метеорологтар

Алдағы бес жылдың кем дегенде бір жылы рекордтық деңгейде ыстық болады. Бұл туралы Бүкіләлемдік метеорология ұйымы Ұлыбританияның метеорология қызметі жүргізген зерттеуге сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуге сәйкес, "2021-2025 жылдар аралығында кемінде бір жылдың  тарихтағы ең ыстық жыл болу ықтималдығы 90 процентке тең", делінген БҰҰ сайтында.

Осылайша ең ыстық кезеңдегі ауа температурасы 2016 жылдың көрсеткіштерінен асып түседі. Орташа жылдық әлемдік температура индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градус Цельсий жоғары болады деп хабарланып отыр.

"Ауа температурасының көтерілуі мұздардың белсенді еритінін, теңіз деңгейінің көтерілетінін, ыстық пен басқа да экстремалды ауа райы құбылыстарының артатынын, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігіне, денсаулыққа, қоршаған орта мен орнықты дамуға әсері күшті болатынын білдіреді", - деді БМҰ бас хатшысы Петтери Таалас.

Бұған дейін БМҰ 2016 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелгенін растады. Бұл жылы ауа температурасы индустрияға дейінгі кезеңнің мәндерінен шамамен 1,1 градус Цельсийге асқан.

sputnik.kz




Көрілген: 1202    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31