Мәселе

"Миллион доллар жинады": Қазақстандықтар қаржы пирамидасына қыруар ақша құйған

  • "Миллион доллар жинады": Қазақстандықтар қаржы пирамидасына қыруар ақша құйған

Алмат есімді Ақтөбе тұрғыны өз қаржысын аса табысты болып көрінген криптовалюта бағытына құюға бекінген. Ер адам жақсы табысқа кенелу үшін 20 мың доллардан аса қаражатын салған. Алайда, бүгінгі күні ол үлеспайда көрмек түгіл, өзі құйған ақшасын қайтара алмай жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматтың сөзінше, криптавалютаға өз қаржысын құю туралы оған танысы айтқан. Әйел адам жақсы табыс көзі жайлы егжейлі-тегжейлі түсіндіріп берген. Ол өз қаржысынан түскен үлеспайдасын алып, оны қайтадан криптавалютаға құйғанын жеткізді.


Ақтөбелік жігіт ақшаны құю үрдісінің барлық шарттарын біліп алды. Оларға сәйкес, брокерлер азаматтардың ақшасын қолданып, криптовалютаға құяды. Ал төрт айдан кейін салғанын ғана емес, ай сайын 30% мөлшердегі үлеспайда алып отырады.


"Менің мәліметтеріме қарағанда, бірнеше мың адам зардап шекті. Біз әлеуметтік желілерде ақшасын қайтара алмағандар арнайы чат ашып алдық. Telegram желісінің өзінде санымыз мыңнан асады. Біз брокер жинап алған қаржының сомасы 37 млн доллар деп ойлаймыз.

Брокердің өзі қазіргі таңда Әбу-Дәби қаласында. Бұл туралы оның өзі айтты. Тіпті, арнайы видео жіберді. Ол ақшамызды қайтарып беретінін айтып, үнемі хабарламалар мен аудиожазбалар жіберіп тұрады. Ол түсініксіз жағдай мен алаяқтардың құрбаны болғанын айтады. Кейде криптовалютаның бағасы түсіп кетті дейді. Ал кейбір кездері юізге ақшамызды қайтармайтынын айтып, айқайлап боғауыз сөздерді жаудырады. Біз Талғарда оның анасы мен балалары тұратынын біліп алдық .Бірақ ол қайтып келе алмайды" , - деді Алмат.

Жас жігіттің сөзінше, табысқа кенелетініне сеніп қалған адамдар енді тіптен үлеспайдаларын күтіп отырған жоқ. Олар бар болғаны өз ақшасын қайтаруды ойлап жүр. Зардап шеккен әйелдердің бірі баласының еміне қажет қаржыны көбейтіп алмақ болып, ол ақшаны криптовалютаға құйып жіберген. Бүгінде ол перзентін қандай қаржысына емдерін білмейді.


Ақтөбе облысының полиция департаментінде 2019 жылдың 15 қазанында №1 Астана ауданының қалалық полиция бөлімімен А. және басқа да тұрғындардың арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 217 бабы, үшінші бөлімі (қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған.


"Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Қажетті тергеу шаралары іске асырылуда. Олардың нәтижелеріне сәйкес, процессуалды шешім қабылданатын болады. Бұл туралы Қылмыстық-процессуалды кодекс бойынша үрдіске қатысушылардың барлығына ескертіледі" , - деді облыстық ПД. 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қараша, 10:13
    Сауапты іске жұмылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30