Миллиондаған берешегі бар екі автокөлік анықталды
Атыраулық полицейлер әрқайсысының төленбеген 1 млн және 2 млн теңгеден астам айыппұлдары бар екі автокөлікті анықтады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.
 
6 қаңтар күні Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Мяскомбинат мөлтек ауданында орналасқан әйелдер колониясының тұсында 1982 жылғы туған Грузия Республикасының азаматы басқарып жүрген &ldquoLexus GX470&rdquo маркалы Әзірбайжан Републикасында тіркелген автокөлікті тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 2 млн теңгені құрайтын төленбеген 123 айыппұлы бар екендігі анықталды.
 
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
 
Бұдан басқа, 7 қаңтар күні сағат 16:40 шамасында Амандосов көшесінде орналасқан жанар-жағармай станциясы тұсында 1975 жылғы туған азамат басқарып жүрген &ldquoToyota Ipsun&rdquo маркалы Армения Республикасында тіркелген автокөлік тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.