Мәселе

Министр Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингілерге қатысты пікір білдірді

  • https://khabar.kz

    https://khabar.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелеріне жүздеген наразылық білдірушінің шығуын әдеттен тыс жағдай деп қарауға болмайды, деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


"Бәріміз түсінуге тиіспіз, сайлау – бүкіл халықтың саяси белсенділігін туғызатын қуатты катализатор. Әлбетте, президентті таңдай отырып, адамдар болашағына таңдау жасайды. Сол себепті сайлаудың қорытындысына бей-жай қарай алмайды. Осы энергия қорытындыны жариялағаннан кейін халықтың эмоциясына айналып, шерулер мен демонстрацияларға ұласады", - деді Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық әңгіме" бағдарламасында.



Оның айтуынша, наразылық акциялары бүкіл елде болып жатады. Министр мысал ретінде Ресей, Франция, Түркия, АҚШ және Латын Америка елдерін атады, бұл мемлекеттерде де ондаған мың азамат көшеге шығып, полициямен қақтығысып, ұсталған болатын.


"Сондықтан Нұр-Сұлтан мен Алматы көшелеріне бірнеше жүз наразылық білдірушінің шығуын әдеттен тыс деп қарауға болмайды, бұл – қалыпты жағдай. Айтарлықтай дәнеңе болған жоқ", - деп министр атап өтті.


Ол еске салғандай, сайлаудан бір күн бұрын Бас прокуратура қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, 9 маусым күні заңсыз жиындарға қатыспау қажеттігін ескертті. Бұл шара сайлаудың тыныш өтуі үшін қолданылған еді.


"Алматыда түнде жастар қоғамдық тәртіпті бұзды. Ішкі істер министрлігінің колл-орталығына сол ауданда тұратын қарапайым тұрғындардан 1,2 мың шағым түскен, олар жиналғандарды тыныштандыруды сұрады. Шыны керек, жұрт шошып кетті", - дейді Абаев.


Министрдің айтуынша, "полиция кей жерде, бәлкім, артық кеткен шығар, бірақ тәртіпті сақтап, көшедегі тыныштықты қамтамасыз етті, зорлық-зомбылық пен оның күшеюіне жол бермеді".



"Бұл – полицейлеріміз атқарған ауқымды жұмыс. Еуропалық бақылаушылардың бірі ғой деймін, өте дұрыс нәрсені айтты: Қазақстанда наразылық акциясы мәдениетін де, оған жауап беру мәдениетін де көтеру керек", - дейді Дәурен Абаев.


Ол атап өткендей, митингілерге қатысты президенттің мәлімдемесі - осы бағыттағы алғашқы қадам.


Еске сала кетсек, 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға наразылық акциясы өткен жерлерде кездейсоқ ұсталған азаматтарды босатуды тапсырды.


13 маусымда Бас прокуратура хабарлағандай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында митингілерге қатысқаны үшін мыңға жуық адам ұсталды, 13 маусымдағы ахуал бойынша екі қалада әлі 180 адам қамауда отыр.


Sputnik


 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

жұма, 14.06.2019, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31