Мәселе

Министр Алматы марафонында ұсталғандарға қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматы марафоны кезінде "От правды не убежишь" (Шындықтан қашып құтыла алмайсың) деген плакатпен шыққан Ася Тулесова мен Бейбарыс Толымбаев ұсталды. ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Кеше екі азамат ұсталды. Білесіздер, Алматы қаласында марафон өтті, ірі қалалық марафон, оған 17 мың азамат қатысты. Осы трассаның бойында екі азамат Толымбаев пен Тулесова плакат ілген. Олар бұл әрекетімен митинг, шеру және демонстрация өткізу туралы заңнаманы бұзып отыр. Плакатты іліп жатқанда, адамдар тоқтап, видео және фотоға түсіре бастады. Сөйтіп, марафонды өткізуге кедергі жасады", - деді ол.



Оның айтуынша, осыдан кейін екі азамат ұсталып, сотқа жеткізілген. Сот шешімі бойынша екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Ведомство басшысының сөзіне сүйенсек, жастар сайлауға тікелей немесе жанама қатысы бар саяси ұранмен шықпаған.


"Саяси ұран болған жоқ. Бұған сайлаудың қандай қатысы бар? Спорттық шара өтіп жатты. Ол алдын ала жоспарланған еді, қалада хабарландыру ілініп тұрды. 17 мың спортшы қатысты. Сол кезде екі адам плакат алып шығып, спорттық шараны өткізуге кедергі келтірді. Бұл заңды бұзған болып саналмай ма? Заңды бұзды деген сөз. Олар бұл әрекетімен спорттық шараны өткізуге кедергі жасады. Сол үшін ұсталды, сотқа жеткізілді, әкімшілік кодекстің 488-бабына (Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) сәйкес әкімшілік қамауға алынды", - деп атап өтті Тұрғымбаев.


 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31