Мәселе

Министр алпенистерді құтқару операциясы туралы айтты

  • © Photo: СС0 / Patrick Neufelder

    © Photo: СС0 / Patrick Neufelder

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару операциясы қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Жеңіс шыңы Қырғызстан аумағында орналасқандықтан, кеше құтқару тобы құрылды. Қырғыз шекарашыларынан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алынды", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.


Министрдің айтуынша, Қазақстаннан барған құтқару тікұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қажетті биіктікке көтеріле алмаған.


"Бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:00-де құтқару операциясы жанданады. Тәжірибелі құтқарушылар сол жерде жүр. Тікұшақ таулы аймаққа бейімделген", - деді ол.


Десе де, Тұрғымбаев теңіз деңгейінен 6 мың метр биіктікке ешбір әуе кемесі көтерілмейтінін айтты.


Тағы оқыңыз: Сағынтаев жоғалған қазақстандықтарға қатысты жазба жариялады


"Әрине, ол барынша жоғары деңгейге көтеріледі. Бірақ альпинистердің нақты қайда екенін білмегендіктен, құтқару операциясы қиындап жатыр. Сондықтан бұдан да ауқымды іздеу жұмыстарын жүргіземіз", - деді министр.


Айтуынша, альпинистердің болжамды орындарын анықтау үшін арнайы қызметтер де тартылуда.


Еске сала кетсек, 15 тамызда қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойды. Александр Чечулин өкпесі қабынып, көз жұмған.


Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғары нүктесіне көтеріліпті.


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 14:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30