Мәселе

Министр дәрігерлердің қалай коронавирус жұқтырып алғанын айтты

  • © ОКҚ

    © ОКҚ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордалық онкологиялық орталық пен "Мейірім" клиникасының дәрігерлері коронавирусты қалай жұқтырып алғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Елжан Біртанов "Мейірім" клиникасының дәрігерлері қауіпті инфекцияны көмек сұрап келген науқастан жұқтырып алғанын хабарлады. Осыған орай, министрлік басшысы ЖРВИ белгілері бар қазақстандықтардан емханаларға өздігінен бармай, жедел жәрдем шақыруын сұрады.

Оған қоса, министр кейбір медициналық ұйымдардың басшыларына сақтық шараларын барынша сақтап, вирусқа немқұрайлы қарау арқылы өз қызметкерлерінің инфекцияны жұқтырып алуына жол бермеуге шақырды.

 

Ал ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтағы коронавирус жұқтыру оқиғасы науқастан болмаған. Біртановтың сөзінше, бұл тек алдын ала мәлімет. Нақты деректер эпидемиологиялық тергеу аяқталғаннан кейін жарияланбақ.

 

«Бұл арнайы мамандандырылған инфекциялық стационар емес, көпсалалы медициналық мекеме болғандықтан инфекция қызметкерлер арасында тез тарап кеткен " , - деді Біртанов.

 

Қазіргі таңда, аталмыш мекеме крантинге жабылды.

 

"Басты мақсат - cол жердегі науқастарды емдеп, барынша қауіпсіздендіру. Бүгінде клиниканы кезең бойынша жабу үрдісі жүріп жатыр. Кейіннен толықтай дезинфекция шаралары жүргізілетін болады" , - деді министр.

 

Айта кетейік, бұған дейін Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты болжам жасаған болатын. Министр елімізде қауіпті вирусты жұқтыратын адамдар саны 3500-ден аспайтынын мәлімдеді.

 




Көрілген: 1214    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 23:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31