Мәселе

Министр елге оралған қандастарға қатысты жағымды жаңалықты жеткізді

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Қандастарға тұрақты тұруға ықтиярхат пен Қазақстан азаматтығын алу құқығы бір өтінішпен берілуі мүмкін. Тиісті заң жобасы қазір мәжілісте қаралып жатыр. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қандас бауырларымызға қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты тұруға ықтиярхат және Қазақстан азаматтығын алу құқығын бір өтінішпен беру көзделіп отыр. Қолданыстағы көші-қон жүйесін жетілдіру туралы заң жобасы парламент мәжілісінде қаралып жатыр", - деді Нұрымбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

 

Министрдің сөзінше, 1991 жылдан бері 1 миллион 57 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралған.

 

Былтыр республикаға 9 993 отбасы (17,7 мың этникалық қазақ) келсе, 597 оралман отбасы (2 мың адам) солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

 

"Өткен жылы мерзімі біткен оралман мәртебесін ұзарту бойынша біржолғы акция аясында 8200 қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды", - деді ол.

 

Сонымен қатар, оралмандарға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін оңтайландыру көзделуде.

 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30