Мәселе

Министр желіде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты тараған пікірге түсініктеме берді

  • © Dalanews.kz

    © Dalanews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек бірінші тоқсанда ғана емес, жыл бойы төленетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Әлеуметтік желілерде кейбіреулер атаулы әлеуметтік көмек тек бірінші тоқсанда ғана төленеді, одан кейін төленбейді деп жазып жатыр. Мен қайталап айтамын, ол жыл бойы төленеді. Бірақ, өзінің ережесіне сәйкес, тоқсан сайын отбасының табысы нақтыланып тұрады", - деді Сапарбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, бұл шамамен 800 мыңнан астам адам.


"10 мың отбасыға тағайындалған жоқ, себебі олардың табысы белгіленген критерийден асып кетті", - деді ол.


Ведомство басшысы сәуір мен мамыр айларына 23 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.


"Жалпы жыл бойына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу үшін 130 миллиард теңге қарастырылған. Орта есеппен әрбір отбасына 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді Сапарбаев.


Министр бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табатынына сендірді.


 




Көрілген: 600    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31