Мәселе

Министр журналистерге: құрметті мамандық деген мәртебені қайтаруға міндеттіміз

  • © Photo : Министерство информации и общественного развития Казахстан

    © Photo : Министерство информации и общественного развития Казахстан

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында медиа саланы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

- Сіз ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығына келгелі бері ведомствода қандай өзгерістер болды?

- Мен жаңа басшының келуімен қандай да бір мемлекеттік құрылым жаһандық өзгерістерге ұшырауы керек деп санамаймын. Мемлекеттік саясаттың басты қағидасы бүгінде – бұл тұрақтылық, жүйелілік және сабақтастық екенін еске саламын. Менің міндетім – ізашарларым бастаған жобалар мен жаңашылдықтарды жалғастыру, президент жария еткен реформалармен үйлесетін өз бастамаларымды ұсыну, оң дүниелерді жақсартып, кем-кетіктерді түзету.

Егер қазір барлық өзгеріс туралы сөз қозғасақ, онда тағы бір есептік кездесу болып кетеді (ақпарат және қоғамдық даму министрінің есептік кездесуі 26.05.2021 ж. өтті – автор ескертп.). Бірақ басты өзгерістер – бұл мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың реформалануы, ақпараттандыру және азаматтық қоғам саласында жаңа заңдардың қабылдануы, журналистерді оқыту жобалары және тағы басқа.

Десе де ең маңыздылардың бірі саналатын және ақпарат саласын дамытуға ғана емес, әлеуметтік құрамы бар, ұлттық қауіпсіздіктің кейбір мәселелерін шешетін бір жұмысты атап өткім келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылдың соңына дейін Қазақстанның шекара маңы өңірлерінде 107 радио таратқыш орнатылады. Бұл Qazaq radiosy мен Шалқар радиосының хабар таратуына мүмкіндік береді. Соның арқасында 630 мыңнан астам халқы бар, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңы аумағындағы 400-ден аса ауыл отандық радионы тыңдайды. Ал жалпы Жол картасын жүзеге асыру аясында 2025 жылға қарай шекара маңы өңірлерінде тұратын халықтың 95%-і радиобағдарламалармен қамтылады.

Бұл өңірлерде ұзақ жылдар бойы тек қытай, ресей және өзбек радиосы хабар таратқанын ескерсек, шекаралас аумақтарды отандық радиосигналдармен қамту жобасы стратегиялық маңызға ие.

- Жақсы, енді рет-ретімен. Сіз бір сұхбатыңызда Қазақстанда "отандық медиа кадрларының біліктілігі төмен" екенін айтып қалдыңыз. Министрлік бұл проблеманы қалай шешуді көздеп отыр?

- Жасыратын несі бар, соңғы жылдары тек Қазақстанда ғана емес, көптеген әлем елдерінде кәсіби БАҚ шетте қалып қойды. Сұраныстың жоқтығы көзге ұрып тұрды, мұның себебін журналистердің өзі де жете түсіне алмады. Журналистер мамандығын тастап, басқа салаға кетуге мәжбүр болды – фриланс, пиар, блогер. Мен талай рет айттым және тағы да қайталаймын: кәсіби журналистика – таңдаулылардың, өз ісіне жанашыр, батыл және мықты адамдардың кәсібі. Және біз оған ең құрметті мамандықтардың бірі деген мәртебені қайтаруға міндеттіміз.

Сол себепті біз бірқатар шара қабылдадық, олардың арасында бейінді факультет түлектерінің деңгейін көтеру, жұмыс істейтін кадрлардың біліктілігін арттыру және салалық, өңірлік журналистиканы дамыту.

Қазір пандемияға байланысты туындаған кейбір қиындықтарға қарамастан, біз бейінді жоғары оқу орындарымен (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универсиеті - автор) етене ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз: студенттерге елдің үздік редакцияларында практикадан өтуге мүмкіндік береміз, отандық және Түркия, Ұлыбритания, Ресей сияқты шетелдік журналистиканың корифейлерімен семинар өткіземіз.

Жыл басынан бері медицина, діни және экология журналистикасы бойынша үш оқыту курсы өткізіліп, елдің барлық өңірінен 4 мыңға жуық адам қамтылды. Бұл болашақта кеңейтіліп, жетілдіретін ұзақ мерзімді жобалар.

- Қазақстанда жыл сайын 34 жоғары оқу орнынан мыңнан аса журналист түлеп ұшады. Алайда соның тек 60%-ке жуығы ғана өз мамандығы бойынша еңбек етеді. Түлектердің жартысына жуығы өз мамандығын тастауына не себеп?

- Журналистика факультетіне көбі арман қуып түсетінін ескерсек, бұл жан ауыртатын мәселе. Түлектердің жартысына жуығының жұмысқа орналаспауы бізді өте қатты мазалайды.

Бұл мәселе жоғары оқу орындарының басшылық құрамымен және отандық БАҚ-пен кездесулерде талай рет көтеріліп, талқыланды. Тәжірибе мен пікір алмасу қорытындысы бойынша студенттерді өндірістік процеске көбірек тартып, практикалық дағдыларын дамыту қажет деген тоқтамға келдік.




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 11:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31