Мәселе

Министр кімге сауда орталықтарына кіруге тыйым салынатынын айтты

  • https://krisha.kz/

    https://krisha.kz/

Енді қазақстандықтар ірі сауда орталықтарына тек маскамен ғана кіре алады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Министр төтенше жағдай режиміне байланысты сауда орындарына қойылатын талаптарға тоқталды.

 

"Ірі сауда нысандары өз аумағына бетперде киген адамдарды ғана кіргізуі тиіс. Егер келген адамда маска болмаса, сауда орны өздері ұсынып, коронавирустың алдын алу туралы жадынама таратуы керек. Сонымен қатар, барлық кіріп-шығатын есікке тепловизор орнатуға міндетті", - деді Сұлтанов астанада өткен брифингте.

 

Бұдан бөлек, министр маңызды талаптың бірі ұзын-сонар кезекке жол бермеу екенін атап өтті. Егер адамдар жиналып қалса, олар бір-бірінен кемінде бір метр алыс тұруы керек.

 

Ол ірі сауда орталықтары мен базарлардың жұмысына шектеу енгізілгенін еске салды.

 

Енді ірі сауда нысандары мен азық түлік базарлары таңғы оннан кешкі алтыға дейін істейді. Бұл ретте айта кетсек, ірі сауда орталықтарына аумағы екі мың шаршы метрден асатын нысандар жатады.

 

Ал киім кешек, басқа да тауарлар сататын базарлар таңғы он бірден кешкі жетіге дейін ашық болады.

 

Сонымен қатар, Сұлтанов қоғамдық тамақтану орындарына "онлайн жеткізуге" көшуді ұсынды.

 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 23:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31