Мәселе

Министр Қордайда ақсақалды ұрған адамның қандай жауапқа тартылғанын айтты

  • © Photo : polisia.kz

    © Photo : polisia.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қордайда қарт кісіге қол көтерген адамның қамауда отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Ақсақал бойынша айтатын болсақ, оған қол көтерген азаматты ұстадық. Ол екінші күні ұсталған болатын. Қазір қамауда отыр. Медициналық сараптама аяқталғаннан кейін істі сотқа жіберетін боламыз", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.

 

Оның айтуынша, полицейлерге қол көтерген үш адам да қамауға алынды. Бір-екі аптаның ішінде қылмыстық іс сотқа жіберіледі.

 

Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысы Қордай ауданында 80 жастағы ақсақалдың екі баласын ұрып-соққандар ұсталғаны хабарланған еді.

 

Әлеуметтік желілерде Масанчидегі жаппай тәртіпсіздікке қарияның соққыға жығылуы себеп болды деген әңгіме тараған болатын. Зардап шеккен қария мен екі ұлы Қордай ауданының Қаракемер ауылында тұрады.

 

Кейін Бас прокуратура Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларына қол көтерген ағайынды үш жігіттің ұсталғаны белгілі болды. Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.

 

 




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30