Мәселе

Министр өз балаларын аяусыз ұрып-соққан әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысында болған өз балаларын ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Кез келген құқық бұзған адам заң алдында жауап беруі тиіс. Бұндай әлімжеттік көрсету фактілері аяқсыз қалмайды. Заң бәріне ортақ. Тұрмыстық жанжал саласына қатысты құқық бұзушылық және қылмыс біржақты болмайды, оның екінші жағы болатындығына назар аударғым келеді. Түркістан облысындағы жағдайға келсек, балалардың анасы бұған дейін де күйеуінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген, бірақ арыз жазбаған. Ол оның заңды әйелі, күйеуінен ажырасуға өтініш бермеген. Бұл жерде полицейлердің жұмысын айқындайтын өзіндік заңнамалық тұстар бар. Яғни, біз шағымсыз ол әйелдің жолдасын 3 сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз. Сондай-ақ, себепсіз әкімшілік жауапкершілікке де тарта алмаймыз», - деді Е. Тұрғымбаев тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

 

Естеріңізге сала кетсек, полицейлер 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны анықтады .

 

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеу тізіліміне ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі «Азаптау» бойынша тіркелді. Көп ұзамай тәртіп сақшылары балаларын ұрып-соққан әкені ұстады.




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 01:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30