Мәселе

Министр үкіметте қазақстандықтардың қорқынышы туралы айтты

  • © Sputnik / Михаил Воскресенский

    © Sputnik / Михаил Воскресенский

Қазақстандықтардың радиофобиясы интернетпен қамтамасыз ететін базалық станцияларды орнатуға кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта адамдардың радиофобиясы бар. Бұл бізге интернетті толыққанды жеткізуге кедергі жасайды. Мәселен, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынның арызымен базалық станция алынып тасталды", &ndash деді Мусин үкімет отырысында.

Осыдан кейін тұрғындар интернетке қосыла алмай қиналған. Байланыс операторы базалық станцияны қайтадан орнатуға мәжбүр болды.

Болашақта осындай проблемаларға жол бермес үшін министрлік заңнамаға біраз өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.

Соның бірі &ndash кондоминиумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу.

Бұдан бөлек, жаңа үйлерді пайдалануға берер алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету көзделген.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, интернет сапасына халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys.bar сервисі іске қосылды. Қазір оны 50 мыңнан астам адам қолданады.




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қазан, 23:05
    Кімге ренжиміз?..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31